Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3120 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:49

Астана билігі қала тұрғындарын дүрлікпеуге шақырды

Бүгін, 2017 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының аумағында терроризм актілерін болдырмауға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқулар өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабтың хабарлауынша, бұл жоспарлы шара және шайқас жағдайына барынша жақындатылады. Жедел штабтың дайындығы мен күш-қауқары тексеріледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және дүрбелеңге салынбауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475