Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2926 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 17:17

Навальныйға шығарылған сот үкімінің саяси астары бар

Алексей Навальныйға 8 ақпанда "Кировлес" ісі бойынша Киров соты шығарған үкім Ресейдегі саяси плюрализмді шектеп қана қоймай, елдегі демократиялық процестердің дұрыс жүріп жатқанына күмән туғызады. Навальныйға шығарылған сот үкімі - Ресейдегі тәуелсіз саяси пікірді тұншықтырудың кезекті амалы, делінген Еуропалық сыртқы саясат қызметінің мәлімдемесінде.

Кировтың Ленин аудадық соты Навальныйды "Кировлес" ісі бойынша кінәлі деп танып, бес жылға шартты түрде соттады, оның төрт жылы сынақ мерзімі ретінде белгіленді. Бұған қоса саясаткерге 500 мың рубль айыппұл салынды.

Сот шығарған жаза оппозициялық саясаткерге президенттік сайлауға қатысуға мүмкіндік бермейді. Заң бойынша, ауыр қылмыс жасағандар жаза өтелгеннен кейінгі он жыл бойы сайлауға қатыса алмайды.

Навальныйдың өзі сайлау қарсаңындағы науқан жалғаса беретінін, ал сот үкіміне шағым түсірілетінін мәлімдеді.

"Кировлес" ісі екі мәрте қаралды. 2013 жылы Алексей Навальный бес жылға сотталып, кейін жаза шартты мерзімге өзгертілген еді. Тергеу нұсқасы бойынша, саясаткер мен кәсіпкер Петр Офицеров ондаған мың текше метр орманды ұрлау арқылы аймаққа 16 миллион рубль шығын келтірген. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот үкімді әділетсіз деп таныды. 2016 жылы қарашада Ресейдің Жоғарғы соты "Кировлес" ісін қайтадан қарауға жіберді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440