Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5674 0 пікір 7 Ақпан, 2017 сағат 05:55

КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРТУ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС!

Редакция: Ата Заңның 26-бабына енгізілгелі отырған өзгертулерге қатысты саясаттанушы Дос Көшім мырза  «Abai.kz» ақпараттық порталы арқылы өз пікірін білдірді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Біріншіден, Егер ҚР Конституциясын халықтық референдум арқылы қабылдасақ, Конституцияға енетін барлық өзгерістер мен толықтырулар да референдум арқылы қабылдануы тиіс. Өкінішке орай, бүгінге дейін Конституция баптарының, кем дегенде, үштен бірі өзгеріске түсті, бірақ билік бір де бір бапты халықтың талқысына салған жоқ.

Екіншіден, өткен жылғы дауға қалған жер мәселесінің екі сұрағы шешімін таппай тұрғанда, Конституциядағы меншікке қатысы бар бапты өзгертуге күш салу – халықты көшеге шығару үшін жасалған арнайы жоспар сияқты.

Үшіншіден, Бүгінгі күні Құдайдың берген жерін, өзен-көлін, ауасын жекеменшікке жатқызуды қазақ қоғамы қабылдамайды. Әрине, сан түрлі айла-шарғылармен кез келген заңды қабылдауға (қабылдатуға) болатын шығар, бірақ оның түбі үлкен жарылысқа алып келетіні анық.

Төртіншіден, өз басым, «жер – мемлекеттің меншігі» деген тұжырыммен келіспеймін. Жер – соны сақтап қалған, өздерінің қандарымен қорғаған халықтікі, қазақ ұлтының, алаштың меншігі. Қазақ жері халықтың емес, мемлекеттің мешігі болғанда – ұлт өзінің жерінен айрыла бастайды екен: Кеңес одағына кірген Қазақ мемлекетінің басшылары «экономикалық қажеттілік» деген сылтаумен «өздерінің  меншігіндегі жерді» Ресейге де, Өзбекстанға да таратты...Билікке беруге болмайтын екі нәрсе бар; біреуі – адамдардың құқығы мен еркіндігі (мемлекет тек сол құқықтың сақталуының кепілі ғана), екіншісі – жер (мемлекет жерді тиімді пайдалануды реттеуші ғана)    

Бесіншіден, Әрине, «әркімнің меншігі» қорғалуы керек, бірақ, бұл ұғымға ұлттың меншігі кірмейді. Меніңше, бірінші кезекте, осы мәселені заңдандыру керек сияқты.

Алтыншыдан, Құрметті достар, 26-бап туралы пікірлеріңізді әлеуметтік желіде білдіргендеріңіз дұрыс, бірақ оны, міндетті түрде, төмендегі мекен-жайға, халықтың пікірін жинақтайтын ресми орынға жіберіңіздер. Ертең билік әлеуметтік желіде қанша адам өзінің пікірін білдірді деп санап жатпайды, «біздерге осыншама пікір түсті, оның осынша пайызы 26-бапқа өзгеріс енгізуге қарсы, ал мұншасы жақтады» деген қорытынды жариялайды. Сол уақытта санымызды соғып қалмайық.

(Пікірлеріңізді мына мекен-жайға жіберіңіздер: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы. Үкімет үйі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімі.  Электронды поштасы: ap.2017@akorda.kz)  

Дос Көшім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400