Универсиада - 2017. Ел қоржынына 25-жүлде түсті
Алматыда өтіп жатқан Универсиадада 7,5 шақырым қашықтыққа командалық эстафета бойынша шаңғышылар жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Бұл жарыста Ресей құрамасы бір сағат және 12:49.3 минут көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейліктерден 1,8 секундқа ғана артта қалған Қазақстан құрамасына бұйырды. Еліміздің намысын қорғағандар - Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин. Үшінші орында Чехия құрамасы (+2:02.5).
Бұл Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасының 25-ші жүлдесі. Осылайша Қазақтан қоржынында он алтын, бес күміс және он қола жүлде.
Абай ақпарат