Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 22 Қыркүйек, 2010 сағат 08:50

Елбасының қарсылығына да қарамады...

Ақтөбеде Елбасының қарсылығына қарамастан, «Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақ» ашылды.

Саябақ өткен жылы Мемлекет Басшысы Ақтөбеге келген сапарында профессор Зәкірадин Байдосов «мәңгілік президент болу» идеясын ұсынып жіберген «тарихи орын» - жаңадан салынған мешіт пен шіркеу ортасындағы Бейбітшілік пен Келісім сулы-жасыл бульварына жапсарлас орналасқан. Сол сапарында облыс әкімі Е.Сағындықов күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан орталық саябақты ҚР тұңғыш Президенті атына беру жөніндегі ұсынысын айтқан еді.

Елбасы осы жолғы сапарында жаңа саябақтың ашылуына қатысты. Саябақ, расында,өте әдемі. 42 гектар аумақты алып жатқан бұрынғы Орталық мәдениет және демалыс саябағы күрделі жөндеуден кейін адам танымастай боп өзгерген. Ортасында ән салып тұратын субұрқақ орналасқан. Одан әріректе ұзындығы 91 метр болатын тутұғырда еліміздің Көк Байрағы желбірейді. 7 мың текше метр аумақты алып жатқан жасанды көлдің үстінен шағын көпір керіліпті.

Осы уақытқа дейін халық арасында халықтың «қаулысы» бойынша Абай (Құнанбаев) атындағы саябақ аталып кеткен Орталық мәдениет және демалыс саябағы бұдан былай «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақ» деп аталатын болды. Мұны естігенде Мемлекет Басшысы:

- Мен ненің де болмасын өзімнің атыммен аталғандығына қарсымын. Саябақты еліміздің Тұңғыш Президенті атындағы саябақ деуге келісемін, - деді. Бірақ, қарсылық қабылданбады. Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешіміне сәйкес,  саябаққа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев есімі берілді. Шешім облыстық газеттердің 16 қыркүйек күнгі санында ресми жарияланды. Бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Жебе Ноян

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391