Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 10839 0 пікір 17 Қаңтар, 2017 сағат 17:57

Қазақстан үздік 50 мемлекеттің тізіміне енді

Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша ең инновациялық экономикасы бар елу мемлекеттің тізімін құрды, онда Қазақстан 45,56 көрсеткішімен 48-орын алды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қазақстан өткен жылғы көрсеткішін 2 позицияға көтерді, 2016 жылы біздің еліміз 50-орында еді. Біздің республика Орталық Азия елдері арасында рейтингке енген жалғыз мемлекет екенін атап өткен жөн.

Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескереді: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу және т.б. Бірінші орында 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея, одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) елдері тұр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2735
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 871
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826