Шымкентте Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған конференция өтті
Шымкент. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Бауыржан Момышұлының туғанына 100толуына орай республикалық ғылыми-техникалық конференция өтті.Оның негізгі тақырыбына батырдың жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі рөлі арқау болды.
«Тәуелсіз Қазақстандағы балаларды санасы құлдықпен уланбаған адам етіп тәрбиелеу үшін бірінші кезекте Бауыржан Момышұлын терең тану керек», -деді Б. Момышұлы туралы «Қаһарман» кітабының авторы Бақытбек Смағұлов.
Конференция барысында Момышұлының өмірінің бұрын белгісіз болған жайттарын әңгімелейтін жаңа деректі фильм көрсетілді. Зерттеушілер Ұлы Отан соғысының батыры, ҰОС барысына позитивті әсерін тигізген ұрыстарға қатысқан сол дәуірдің дарынды қолбасшыларының бірі Бауыржан Момышұлын ақын және жазушы ретінде танып отыр.

«Біз мерейтой қарсаңында оның күнделіктері, жазбалары әңгімелері енген отыз томдық басып шығардық. Бірақ бұл – мұраның тек бір бөлігі ғана. Әлі оның әскери іс туралы, Кубаға сапары туралы жазбалары және басқа да көптеген еңбектері бар», - дейді Бауыржан Момышұлының өмірін зерттеуші Мекемтас Мырзахметов. Сонымен қатар, оның атап өтуінше, Б. Момышұлы өмір сүрген қиын кезеңге қарамастан, оның жазбалары біржақты әрі ашық, сондай-ақ, соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы шынайы оқиғаларды жаңадан жасауға көмектеседі.
«Барлығын толық басып шығару үшін 100 томдай қажет. Тек сонда ғана қазіргі заманның оқырманы Момышұлын барлық қырларын таниды», - деді М. Мырзахметов.