Сенат жолаушылардың автотасымалын лицензиялауды енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Астана. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Парламент сенаты бейсенбі күні пленарлық отырысында «Кейбір заң актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.
«Автокөлік саласында жол қозғалысы қауіпсіздігінің көрсеткіштері әлемдік деңгейге сәйкес келмейді...әлемдік тәжірибеге сәйкес, халықаралық, қалааралық бағыттар бойынша тасымалдауды лицензиялау ұсынылып отыр. Мұндай тәжірибе көрші мемлекеттердің бәрінде және көптеген еуропа елдерінде де бар. Бұл алақол тасымалдаушыларды енгізбеу арқылы нарыққа білікті қатысушыларды іріктеуге ммүкіндік береді»,- деп атап өтті көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, түзетулер автокөлік құралдарында міндетті түрде тахографтардың болуын, ал халықаралық тасымалда сандық тахографтардың болуын қарастырады.
Түзетулерге сәйкес, автобустармен және шағын автобустармен жолаушы тасымалына рұқсат алу үшін жүргізушіге қойылатын міндетті талап – кем дегенде 3 жыл тәжірибесінің болуы.
ККМ мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылы республикада автобустардың қатысуымен болған ЖКО саны 2008 жылмен салыстырғанда 24%-ға көбейген, барлығы 366 оқиға тіркелген. 2009 жылы автобус жүргізушілерінің кінәсінен ЖКО-ларда 58 адам қаза болып, 465 адам зардап шеккен.