Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 24 Қыркүйек, 2010 сағат 09:44

Экономист президенттің халыққа жыл сайынғы жолдауының мерзімін жыл басынан жылдың соңына ауыстыруға кеңес береді

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ. Дилярам Аркин. Еліміздің жетекші экономисі Мағбат Спанов мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жасау мерзімін ауыстырған орынды деп санайды. Оның пікірінше,ол жыл басында емес, жыл соңында жолдануы тиіс.

«Әдетте президент жолдауын қаржылық жылдың ортасында, ақпан немесе наурыз айларында жолдайды. Нақты мерзімі жоқ! Менің есептеуімше, жолдау қаржылық жылдың аяқталуына орайластырылуы тиіс, яғни күзде немесе қазан айында», - деп мәлімдеді Қазақстан даму институтының президенті Мағбат Спановжұма күні Н.Назарбаевтың жолдауын жүзеге асыруды талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның пікірінше, бұл қаржы министрлігіне мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шығындарды есептеу үшін керек.

«Ал бізде барлығы керісінше шығады. Қаржы министрлігі жыл бойы жұмыс істейді де, 1 желтоқсанда еліміздің келесі жылға арналған жаңа бюджетін таныстырады. Ал наурыз айында президент жолдауын жолдап сөз сөйлейді, министрлік болса, жаңа бюджеттік толықтырулар енгізуге мәжбүр болады. Бірақ қаржы нақты бөлініп қойса, оны қайдан алсын? Тек премьер-министр Мәсімов қана жоқ жерден Т130 млрд алып шығып, үкімет өте жақсы жұмыс істейді деп айта алады», - деді М. Спанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364