Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 6429 0 пікір 8 Маусым, 2015 сағат 16:06

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ

Еліміз тәуелсіздік алған 24 жыл ішінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен дамытудың өзіндік моделін қалыптастырды. Еліміздің ішкі реформалары қалыптасқан күннен бастап,ұлттық келісім оның басты анықтаушысы болып айқындалды. Қазақстанның ұлттық саясаты – бейбітшіл және жасампаз, әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара түсінісуі мен этносаралық келісімін одан әрі жандандыру болып табылады. 

Еліміздің барлық ұлт өкілдеріне деген толеранттылық ұстанымы саяси мәдениеттің нормасы ғана болмай, демократиялық мемлекет құрудағы басты ұстанымдарының бірі болып жалғасын табуда. Қазақ халқының санғасырлық мәдениетінде өзара үйлесімділікте өмір сүруі қалыпты жағдай, адамдардың қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына сай ұстанымы. 

Қазақстан өз тәуелсіздігінің одан әрі бекуі мен дамуы үшін әлемде болып жатқан өзгерістерге бірден мән беріп, заман талабына орай тың идеялармен жаңа жобалары арқылы әлемге өзін танытқаны белгілі. Рухани құндылықтардықайта,жаңғырту қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуының негізі болып саналады. 

Қазақстан жоғарыда аталған басты ұстанымдар негізінде әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың орнауы үшін күш-жүгерін жұмсауда. Тәуелсіздік жылдар аралығында Қазақстан бейбітшілік пен тыныштықтың нығаюына бағытталған бірқатар іс-әрекеттер мен ұсыныстар жасады. 

Сол ұсыныстардың бірегейі Елордасы Астанада 2003, 2006, 2009, 2012, жылдары өткен,сонымен қатар үстіміздегі жылдың 10 - 11 маусымында өткізілгелі отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі халықаралық оқиғалардың бірі екенін барша әлем мойындауда. Бұл айрықша форумда, дін лидерлері бір столдыңбасына жиналып, діндер мен мемлекеттер арасындағы түсінбеушіліктерді оңтайлы шешудіңжолдарын қарастыратыны аян. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқанӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің арасындағы негізгі ортақ келісімдермен

сұхбаттар, зорлық - зомбылықтан, фанатизмнен, экстремизм мен терроризм сияқты лаңкестік әрекеттердің алдын алуға өз әсерін тигізері анық.

Жаһанда орын алып жатқан саяси оқиғаларға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі де өзіндік үлес қосып келеді. Мысалы, Елордамыз Астанада өткен төрт съезде талқыланған мәселелерді алайық. Бірінші съезде экстемизмге және терроршылдыққа әділетсіз соғыстың алдын алу және дінге жала жаппау мәселелері талқыланды. Екінші съезд отырысында әлемде бейбітшілік пен келісім мәдениетін одан әрі нығайта түсуге баса назар аударылды. Себебі, 2006 жылы Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан кез болатын. Ал үшінші съезде радикализм көрнісінің белең алуына, Ауғанстандағы қиын жағдайларға, заңсыз есірткі айналымына қатысты мәселелер талқыланған болатын. IV съез «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» атты тақырып төңірегінде өткізілді.

Ағымдағы жылдың 10 - 11 маусымында өткізілгелі отырған V съезде «Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» атты тақырып аясында ұйымдастырылатын форум жұмысына бүкіл әлем сенім артып отыр.

А. Есқалиев

ШҚО, Ұлан ауданы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048