Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5548 0 пікір 4 Маусым, 2015 сағат 11:06

ДІНДІ ДҰРЫС НАСИХАТТАУ ЖОЛЫНДА ДІН АДАМЫ СЕРГЕК БОЛУЫ КЕРЕК

«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін бітіруші түлектерімен кездесу кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлері белсенді болуы керек деген сөзді қадап айтты. Басқарам төрағасының сөзін БАҚ-қа ҚМДБ-ның Баспасөз қызметі жеткізіп отыр.

«Ислам дінінің жауапкершілігін арқалаған дін қызметкерлері халық арасында имандылықты насихаттап, қоғамдағы тұрақтылық пен рухани тұтастыққа қызмет еткен. Бұл сабақтастық ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келген. Ал, қазіргі уақытта имам болудың жауапкершілігі, тіпті, үлкен. Өйткені, жаңа ақпараттық кеңістік қоғамға түрлі діни мағлұмат алу мүмкіндігін берді. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да бар. Сондықтан, дінді дұрыс насихаттап, нақты түсінік қалыптастыру жолында дін қызметкері сергек әрі белсенді болуы керек», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Бас мүфтимен өткен кездесу сауатты дін қызметкерлеріне артылар үміт те, міндет те мол екендігін тағы да нақтылай түсті.

Сонымен қатар, кездесуге ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, университет проректоры Шамшәдин Керім, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Биыл «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша 130 студент тәмамдайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377