Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3651 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:07

Маңғыстау облысында «ИнтерГаз ОА» газ құбырындағы өрттің салдары жойылды

Астана. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында «ИнтерГаз ОА» газ құбырындағы өрттің салдары жойылды. Апатты-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

«Құбырлардың, фасондық бұйымдардың монтажы жүргізіліп, орға запорлық арматура салынып, оқшаулау жұмыстары орындалды», деп хабарлайды ведомство.

Хабарламада атап көрсетілгендей, «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ кешенді бригадаларының 165 адамы 69 техниканы пайдалана отырып апатты жұмыстарды сейсенбі күні сағат 18 шамасында аяқтады.

Бұрын хабарланғандай, 22 қырқүйекте 1 сағат 40 минутта Сай-Өтес елді мекенінен 1 шақырым жерде «ИнтерГаз – Орталық Азия» магистральді газ құбырында екі жерде ақау шығып, өрт туындаған. Газ құбырымен газ беру тоқтатылды».

ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан 220 кВ 200 м жоғары вольтты электр желілері мен 110 кВ жоғары вольтты электр желілеріне зақым келген. Сай-Өтес елді мекеніне жарық қосалқы желі арқылы берілді.

«Окарем-Бейнеу»магистральді газ құбыры 1973 жылы салынды. Құбырлардың диаметрі - 1220 мм, қалыңдығы - 14-20 мм.

Құбырішілік диагностиканың нәтижесі бойынша, құбырларды ауыстыру арқылы соңғы жөндеу жұмыстары 2010 жылдың 20 тамызы мен 20 қырқүйегі аралығында 820-999 км учаскесінде жүргізілген. Газ құбырының жобалық қысым нормасы 55 кг/см2 құрайды, апат 20,8 кг/см2 қысым кезінде болған.

Апатты жою барысында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ аймақтың жедел әрекет етуші күштері министрліктің республикалық дағдарыс орталығына хабарлаған оперативті мәліметтерді негізге ала отырып.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301