Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5698 0 пікір 18 Мамыр, 2015 сағат 13:06

ӘМЕТ-ХАН СҰЛТАН АТЫНДАҒЫ ӘУЕЖАЙ

Украина Радасы  халықаралық «Семфирополь» әуежайын Әмет-Хан Сұлтан атына өзгертті.

Әмет-Хан Сұлтан әскери-ұшқыш, подполковник, КСРО-ның ұшақтарды сынақтан өткізуші құрметті ұшқышы, екі мәрте Совет Одағының батыры.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Әмет-Хан Сұлтан 603 рет әскери жорыққа шығып, әуеде 150 рет соғыс қимылдарын жасап, қарсы жақтың 30 ұшағын талқандаған болатын. Совет Одағының сондай ерге жасаған «сыйы» сол – оны туған жерінен жер аударып тынған еді.

«Аты аңызға айналған даңқты ұшқыштың есімі берілген Семфирополь әуежайы қала мен әуежайдың көркіне айналмақ. Өз халқының азат өмірі үшін жанқиярлық ерліктерге барып, әлем авиациясының дамуына шексіз үлес қосқан батырдың есімі жас ұрпақтың жадында жаңғырып, отаншылдық рухта тәрбиелеуі тиіс. Батыр есімі бізді ұлтаралық қарым-қатынстағы теңдік пен төзімділікке де арқауа болады» деп жазылған әйгілі ұшқыш есімін әуежайға беру жөніндегі құжатта.

«Орыстар татар халқын ұнатпайды екен ғой, ендеше окупанттар даңқты батыр есімін күнде айтып жүруге мәжбүр болсын. Қалай болғанда да, орыстар украина заңына бағынуы керек. Украина заңына бұл жерде ешқандай балама жоқ дейді», - Рада депутаттары. Әмет-Хан Сұлтан есімін Семфирополь әуежайына беруге радалықтардың 240-ы жақтап дауыс беріп, 9-ы қалыс қалған. 147 депутат қарсы дауыс берген.

Abai.kz    

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371