Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5094 0 пікір 13 Мамыр, 2015 сағат 14:23

ҚМДБ: ПАЛУАНДАР КҮРЕСІ ӨТЕДІ

2015 жылдың маусым айында Алматы қаласында «Дін мен дәстүр» жылына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жамағат, кәсіби және әуесқой спортшылар арасында дәстүрлі ІІ республикалық палуандар күресі өтеді деп хабарлайды www.muftyat.kz сайты.

Жүлдегерлер бағалы, ақшалай сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздарға алғыс хаттар беріледі.

Өткен жылы ұйымдастырылған қазақ күресінде бас жүлде иегері Бауыржан Тәліп Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолынан үлкен қажылыққа тегін жолдама алған болатын.

Дүбірлі додаға 18 жастан асқан палуандар қатыса алады.

Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа мінуді, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371