Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4239 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:19

Осы аптаның екі күнінде Шығыс Қазақстанның ауылдарында 120 тонна шөп жанып кетті

Өскемен. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанның алты ауылдық округында осы аптаның басынан бері тұрмыстық өрттерде 120 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

«Тарбағатай ауданының ауылдарында екі рет өрт шықты. Серіктес ауылында 6 тонна, Көкжырада 8 тонна шөпті жалын жалмап кетті. Ұлан ауданында Ақтөбе мен Ленинка ауылдарындағы екі отбасының қысқа дайындаған мал азығы өртенді. Бесқарағай ауданының Беген ауылындағы жеке шаруашылықта 40 тонна шөп жанса, Зырян ауданының Тұрғұсұн ауылындағы шаруа қожалығында 25 тонна шөп өртенген», - дейді департаменттегілер.

Сондай-ақ, Үржар ауданының Мақаншы ауылында екі көрші аулада 5 және 6 тонна шөп өртенді. Бородулиха ауданының орталығында тұрғын үйдің ауласындағы 5 тонна шөп жанды.

Өрт оқиғаларының барлығы бойынша отпен абайсыздық таныту және қасақана өртеу болжамдары қарастырылып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701