Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 8460 0 пікір 1 Мамыр, 2015 сағат 18:54

«МАҚСАТЫМЫЗ – САУАТТЫ ЖАЗУ ЕМЕС, САУДА ЖАСАУ!»

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының басшылары осылай дейді.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп санамайтындардың қатарында қазақ азаматтарының бар екендігі кеудеге оқша қадалып отыр. Кейбіреулер «қазақша жазып немесе сөйлеп отырмыз»-дың кебін киіп, не жазып, не қойғандарын өздері де білмейді. Қазақ тілінің жанашыры болған соң көзімізге көрінген жазудың қазақша нұсқасына көп мән беретініміз шындық.

Біз секілділер халық арасында да бар. Оған қуанамыз. Осы қазақ тілін мазаққа айналдырғанның көкесін біз Алматыда өртенуден аман тұрған атышулы үлкен базарларlың бірі – «Алтын Ордадан» байқадық. Мұндай келеңсіздікті көзі шалып, фотоға түсіріп алған Айдос есімді азамат бізге хабарласып, мәселенің мән-жайымен бөлісті. Арнайы базар маңынан түсіріліп алынған фотолар ішінен төменде тақтайшаларда жазылған жазуды көріп жағамызды ұстадық. 

Дереу телефон тұтқасына жармасып, Алматыдағы «Алтын Орда» базарының әкімшілігіне хабарластық. Арғы жақтан өзін базар бастығының орынбасарымын деп таныстырған азамат, біздің ескертуімізді құлағына да ілмеді. Тіпті түсінгісі де келмейтін сыңайлы. Арасында өздерінің міндеті жазу емес, сату жұмыстары екендігін де айтып қалды. Біз мемлекеттік тілді масқаралап тұрған тақтайшаны алып тастауын, не өзгертіп қайта жазуын сұрағанымыз сол еді, арғы жақтағы басекең өзімізді «Афериссіңдер!» деп жазғыруға көшті. Әңгімеміз жараспай қалғаннан кейін базар басшылығы тұтқаны тастап жіберді.  Ақыры мән-жәйді Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасына хабарлаумен шектелдік. Бірақ аталмыш құзырлы орыннан да еш жауап ала алмай қалдық.

Қазақшасы қайысып тұрған тақтайшаны күнде сол базардың  базаршылары мен саудагерлері неге көрмейді? Тым құрығанда солардың бірі байқап, базар әкімшісіне  барып ескерту жасаса, масқара жазу осы күнге дейін базар қақпасына кіре берісте ілініп тұрмас еді ғой...

...Өзге тілден аударылған жарнамалардың масқарасы бұл ғана емес. Көшеде тұрған кейбір жазуларға қарасаң көзің түгілі өзің сүрініп кетесің. Тіпті кейде жайсыз аударылған жарнаманы оқысақ та, түсіне алмай дал болатын кездеріміз де жиі кездеседі  Сонда жарнама жасаушылар қазақ тілін мазақ тілі етіп жүр ме? 

Бірде бізге алматылық Лаура Боқаева есімді қарындасымыз хабарласып, осындай бір өрескел қатенің көше бойында айпарадай болып тұрғанын айтты. Дереу суретке түсіріп мекенжайын анықтадық. Сөйтсек бұл сорақы жазу Алматы мен Астанада өркен жайып отырған белгілі «Обувёнок» деген дүкеннің алдындағы тақтайшада көрсетілген жаднама болып шықты. Бұл дүкен негізінен Ресейден балалар киімдерін тасымалдаумен айналысады екен. Мейлі, орыс елінен  балалар киімін тасымалдайды екенбіз деп, өздері өркен жайып, бизнесін дөңгелентіп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін құрметтемей қоюға болмайдығой. Өздері аудара алмайды екен, көшеде кетіп бара жатқан кез келген қазаққа аудартып алса дәл мұндай келеңсіздікке ұрынбасы анық. Жарнама жазуларды бет-ауызына жапсырған әлгі дүкеннің сырт көрінісінен тағы бір байқағанымыз жазулар арасынан бір де бір қазақша сөз таппадық. Қазақша бір сөз жазса қалтасы ортайып қалатындай көрінген дүкен иелері бұл ел қазақстан екендігін ұмытып қалған сыңайлы. Сондықтан Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Тілдерді дамыту басқармасы бұл дүкеннің сыртындағы жазу тілін бір тексеріп тиісті шара қолдануы керек.

Ол ол ма? Кеше ғана Астана көшелерінің бірінде мағнасы тайған сондай қазақша жарнаманы біздің қызметкерлердің бірі ұялы байланысы арқылы суретке түсіріп әкелді. Анығырақ айтар болсақ мағнасы тайған жарнаманы Жұмабек Ташенов көшесінің бойынан аңғарған екен. Білсек, «Gymboree» балаларды қорғау және денсаулығы мен ой өрісін дамыту орталығы болып шықты. Қысқасын айтқанда біздің назарға іліккен қос жарнаманың да балаларға байланысты екені қынжылтты. Ел болашағы бүгінгі бүлдіршіндерді осылайша майысқан аудармамен назарландырсақ келешегіміз  не болмақ?

 

Дереккөз: http://www.tilortalyq.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318