Жұма, 22 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 10074 0 пікір 1 Мамыр, 2015 сағат 01:37

ЖАҢА ҮКІМЕТ ЖАСАҚТАЛДЫ. БІРАҚ ЖАҢА МА?

30 сәуір күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Осы жарлық бойынша:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

Мұның алдында Президент Н.Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан-ды. Төменгі палата депутаттары Елбасының жаңадан жасақталған Үкіметтің басшысы етіп қайтадан Кәрім Мәсімовты тағайындау туралы ұсынысын қолдады. Сөйтіп, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметін атқаруды жалғастыра береді.

«Біз қазір жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Мен алдағы мейрам күндерінен соң, тез арада жұмысқа білек сыбана кірісіп кететін комиссияны бекітуім керек. Істің мән-жайын ұғынуға уақыт шығындамас үшін Үкімет жұмысының жалғасты болғаны дұрыс қой деген ойдамын. Кәрім Мәсімов жоба-жоспарларға бұрыннан қанық, істің көзін біледі, білім-білігі де, мүмкіндігі де мол маман, атқарылар жауапты жұмыстарды бұдан әрі де оған сеніп тапсыра аламын», – деді Президент.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329