ЛАТВИЯ. ҚАЗАҚ ОТБАСЫН ҚАЗАҚТАР КЕПІЛДІККЕ АЛЫПТЫ
Жылдам хабар тарататын ақпарат көздері бүгін Латвияда қазақ отбасын кепілдікте ұстап келген қаскүнемдердің тұтқындалғаны туралы жазып жатыр. Delfi.lv. порталы қазақ отбасын кепілдікке алғандар қазақтардың өздері дегенді айтады. Қылмыстық топ әлгі отбасынан 400 000 доллар талап еткен. Латвияның Рига қаласын біраз жыл мекен ету үшін барып қоныстанған қазақ отбасында: ерлі-зайыптылар және олардың 8-6 жастағы екі кішкентай қызы болған. Қылмыскерлер отағасынан әйелінің атында тұрған Алматыдағы жылжымайтын мүлікті 400 000 долларға бағалап, оны өзге біреудің атына аудартпаққа әрекеттенген.
Кепілдіктегілерді құтқару шарасы кезінде қазақстандық екі азамат және олармен сыбайласқан екі қазақ тұтқындалған.
Сонымен, Латвияда лаң салып жүргендер кімдер? Кепілдікте кіріптарлықпен күн кешкен қазақ отбасы қандай отбасы? Кімнің шаңырағы? Бұл сұрақтарға алдағы күндері жауап табылып та қалар.
Абай-ақпарат