Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 10112 0 пікір 7 Сәуір, 2015 сағат 10:04

«ХАБАР» АРНАСЫНДА – «ӨМІР САБАҚТАРЫ»

6 сәуірден бастап«Хабар» арнасында «Өмір сабақтары» атты жаңа деректі драма көрерменге жол тартты. Жаңа жобаның басты мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтар мен адам бойындағы ізгі қасиеттерді насихаттау арқылы көрерменге тағлымды сабақ беру. «Телетуындыға  өмірден алынған шынайы оқиғалар арқау болды, сондықтан түсірілім барысында кино элементтерін пайдалануды жөн көрдік», - дейді жоба режиссері Айбол Сейілхан.

Бүгінде «Хабар» арнасының тапсырысы бойынша «Mass Media Group» компаниясы телетуындының түсірілімдерін жүргізіп жатыр. Рөлдерді сомдайтын актерлер кейіпкер табиғатына, болмысына сай іріктелініп, кәсіби шеберліктері ерекше назарға алынуда. Ал жобаның жарыққа шығуына ат салысып, негізгі бастамаға қолдау көрсеткен Бауыржан Ибрагим «Бұл жоба менің өмірден түйгенімнің жемісі. «Өмір сабақтары» қоғамға рухани азық беріп, жақсылыққа жетелесе, нұр үстіне нұр болар еді» дей келіп, «Өмір сабақтары» жалпы көрерменнің көңілінен шығады деген сенім білдіріп отыр. Драманың басты ұстанымы – заманның қасқырға, адамның түлкіге айналған шағында қоғамдағы әділетсіздікті, адамдар арасында қатыгездікті әшкере ету болып табылады. Әр серия толыққанды құрылымы бар сюжеттің желісімен түсіріліп, алғашқы маусымда 40 серия көрермен назарына ұсынылмақ. Ендеше, өмірден сабақ алған кейіпкерлердің шытырман оқиғалары сіздерге де сабақ болып, өмірлеріңізге мән сыйласын дейміз.                     

P.S. Бағдарламаны әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:55-те «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2660
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1709