Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 12368 0 пікір 6 Сәуір, 2015 сағат 14:28

САЙЛАУ ТУРАЛЫ ҚЫТАЙ БИЛІГІ НЕ ДЕЙДІ?

Сайлау науқаны уақыт өткен сайын күш алып келе жатыр. Әсіресе, соңғы апталарда жастардың ерекше белсенділгін атап өтуге болады. Олар әлеуметтік желілерде, түрлі интернет форумдарда талқылаулар ұйымдастырып, сайлаудың ел өміріндегі маңыздылығы туралы айтып жатыр.

Бұрынғы сайлаулар кезінде тек дәстүрлі ақпарат құралдарымен шектелсе, биылғы президенттік сайлау науқанының қызықты өтуіне халықтың интернетке қолжетімділігі қосымша ықпал етсе керек. Салыстырмалы түрде бұрынғы президенттік, парламенттік сайлауларда әлеуметтік желілердегі қазақстандықтардың үлес салмағы айтарлықтай аз еді. Қазір ол көрсеткіш күн санап ұлғайып келеді.

Жастар арасында әсіресе облыс орталықтары мен аудан жастары бір біріне эстафета ретінде ұсынып, сайлауға шақыру акциясын ұйымшылдықпен өткізіп жатыр. Әрине, ол өз кезегінде белгілі бір дәрежеде абсентеизмнің алдын алуға ықпал жасауы мүмкін. Электоратты есепке алу жұмыстары, үміткерлерді мемлекеттік телеарналардан тең насихаттау, тағы басқа сайлауалды шаралар заңға сәйкес өтіп жатыр.

Жақында ғана Қытай елінде жұмыс сапармен болып қайттық. Қытайдың жоғарғы билік өкілдері, жастар федерациясының басшылығымен болған кездесуде олар Қазақстандағы президенттік сайлау науқаны демократиялық талаптарға сай өтетіндігіне сенім білдіріп отыр.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292