Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5306 0 пікір 3 Сәуір, 2015 сағат 15:33

«НҰР ЖОЛ:» 400 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі заманда болып жатқан геосаяси жағдайларды ескере келе, дәстүрлі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын бұрынғысынан сәл ертерек, қараша айында жариялаған еді. Ондағы Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті қазіргі дүние жүзілік дағдарыс Қазақстанға өзінің әсерін тигізбейтіндей етіп, елдің әл-ауқатын төмендетпей алып шығу болатын.  

Соған орай «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламадағы ең негізгі мақсат – инфрақұрылымдарды дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, елімізде жұмыссыздардың қатарын көбейтпеу. Егер бұл бағдарлама ойдағыдай жүзеге асып, толық нәтижесін беретін болса, ең кем дегенде 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады  деп күтілуде.

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру барысында ең алдымен, шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңадан жұмыс орындарын ашуға көңілбөлінетіні белгілі. Мәселен, Мемлекет басшысы басымдық ретінде атап көрсеткен бір ғана  көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласында 2020 жылға дейін 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 12 мың адам – әуежай саласында, 10600 адам терминалдық көліктік-логистикалық орталықтарда, 5  мың адам автокөлік саласында, 400-ге жуық адам теңіздегі тікелей тасымалда жұмыс істейтін болады.

Мәселен, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы басты жобалардың бірі – «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы екендігі белгілі.  Дәл осы аймақты құруға және кешенді дамытуға жалпы алғанда 78,8 млрд. теңге жұмсалатындығы көзделіп отыр. Бірінші кезеңі 2014 жылдың 25 желтоқсанында пайдалануға берілген АЭА-ның инфрақұрылымын салу барысында тұтастай алғанда 10 мыңнан астам жұмыс орындарын ашылған болатын.

Сонымен қатар, Елбасы жолдауында айтылған Боржақты – Ерсай теміржол желісінің құрылысын жүргізу кезінде 204 адам, пайдалануға берілгеннен кейін 30 адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Темір жолға жататын үлкен жобалардың бірі – «Алматы-1 – Шу» учаскесіндегі екінші жолдарды салу жобасы. 2015-2016 жылдары жүзеге асырылатын осы жобаның құрылысы кезеңінде 1 717 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

Автомобиль жолы саласында 2020 жылға дейін Қазақстанда 7,5 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Атап айтқанда, жолдардың 7,5 мыңның 4 мың  шақырымы 4 және 6 жолақты 1-ші техникалық санатқа ауыстырылады.

Осы шаралардың барысында жаңадан 200 мыңға жуық жұмыс орындары пайда болады. Бұл жерде «жалпы халықтық құрылыс» атанған Батыс Еуропа Батыс Қытай халықаралық автокөлік дәлізінің құрылысын ерекше атап айту ләзім. Себебі, алып құрылыс алаңында бірнеше мыңдаған қазақстандықтар еңбек етуде. Мәселен, осы жобадағы жұмыс орындарының саны 68 мыңға дейін  жеткен еді.

Ендеше «Нұрлы Жол» бағдарламасы да қазіргідей әлем экономикасын тұрақсыздық жайлаған шақта еліміздің еңсесін түсірмей, әл-ауқатын төмендетпеуге кепіл боларына мол сенім бар.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408