ЖАҢА НАЗ: «20 ЕВРАЗ...»
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ ақша айналымын қалыптастырып, қолданысқа шыт жаңа валюта енгізу туралы Ресей президенті В.Путиннің бастамасы сөзден іске көше бастаған сыңайлы. (Оқысаңыз: ПУТИННІҢ ОЙЫ ОРТАҚ ВАЛЮТА ҒАНА МА? http://abai.kz/post/view?id=3200). Шынтуайтында, шөп басын қимылдатқан жайт әлдекімдердің сәтсіз әзілі немесе арандатуы да болуы ғажап емес...
Бүгін әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылаған бұл суретте ЕАЭО-ның болашақта қолданысқа енгізілуі ықтимал ақша бірлігінің үлгісі бейнеленген. «Евраз» атты атау берілген «банкноттың» кіндік әкесі Денис Прокопов деген дизайнер екен. Еуро мен доллардың «шағылысуынан» шыққан дүбәра идеяның қағаздағы шартты бірлігі - 20 евраз... Ортақ валютаның бетінде адамзаттың алғашқы ғарышкері Юрий Гагариннің күлімсіреген жүзі көрініс тапқан. Айтпақшы, банкноттың егесі одақтастар («Билет банка ЕАС»?..) болғанымен, номиналды ақшада Ресей Федерациясының мемлекеттік гербі негізгі нышан ретінде алыныпты...
Анау-мынау деу артық болар, бірақ, қоғамдық пікірдің қыбыланамасын аңдып-бағуға арналған бұл қадамның астарында алыс емес, айларда ресми жария болатын ақпарат жатпағандығын кім жоққа шығара алады...
Abai.kz