ҚАДЫРҒАЛИ МЕН ЕРШАТТЫҢ «БІР БІРІНЕ ҰҚСАМАЙТЫН КҮНДЕРІ»
Ертең Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінің сахнасында ән әуелейді. Белгілі сазгер, әнші, әзілкеш тұңғыш республикалық әзіл- сықақ конкурсының, «Үкілі үміт» композиторлар байқауының лауреаты, мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай мен шәкірті, ҚР мәдениет саласының үздігі Ершат Қайырханның «БІР БІРІНЕ ҰҚСАМАЙТЫН КҮНДЕРІМ» атты ән кеші өтпек.
Бұл кеште Бауыржан Жақып, Есенқұл Жақыпбеков, Ерлан Жүніс, Гүлнар Салықбайдың және т.б. ақындардың сөздеріне жазылған тамаша әндер орындалады.
Әуезді ән тыңдап, әдемі әсерге бөленгіңіз келсе, Қадырғали мен Ершаттың «Бір біріне ұқсамайтын күндеріне» қатысып, концертке куә болыңыз.
Абай-ақпарат.