Жұма, 11 Сәуір 2025
Мәселенің мәні 5582 0 пікір 20 Наурыз, 2015 сағат 14:11

АСТАНА КЕЗДЕСУІНІҢ АСТАРЫ БАР МА?

Астана төрінде өтіп жатқан  Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Президенттерінің үшжақты кездесуінде қандай маңызды тақырыптар талқыланбақ? Ел назарын аударған осы сұраққа бүгін Ақордада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жауап берді. 

- Өткен жыл түрлі оқиғаларға толы болды. Біз өз айналамызда Еуразиялық экономикалық одақ мәселесін талқылап, оны аяғына дейін жеткіздік. 1 қаңтардан бастап ол өз жұмысын бастады. Өкінішке қарай, одақ алдынан үлкен сынақтар шықты, яғни экспорттық бағалар, әсіресе, Ресей мен Қазақстанда төмендеді. Мұнай мен басқа да экспорттық бұйымдар құны азайды. Бұл төмендеулер бар және біз осындай тәуекелдер болатынын білдік. Бағалар бойынша үйлеспеушілік толқуы болды. Осы орайда Сізге алғысымды айтамын, өйткені біздің келісімімізден кейін барлығы тұрақталды, - деді кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы екеуара әңігмеде Украинадағы жағдай да  талқыға түсті.

Жалпы, үш жақты кездесуде Еуразиялық одақ аясындағы шешімін күткен көптеген жайттардың түйіні тарқатылады деп күтілуде. Сондай-ақ, бұл ақылдасу аясында Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық шаралары, әлемдегі және өңірдегі ахуал, сондай-ақ ЕАЭО-ның дағдарысты еңсеру қадамдары сөз болуда.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1764
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4558
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3562