Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Қоғам 8631 0 пікір 12 Наурыз, 2015 сағат 07:45

МҰХТАР ШАХАНОВ – МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНДЕГІ ДАРА ТҰЛҒА

Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында ғаламдық дара парасат иелеріне берілетін Ислам әлемінің "Ыстанбұл" сыйлығымен марапатталды. Бұл марапат ақынға 7 наурыз күні салтанатты түрде табыс етілді.

Марапаттау салтанаты TASAM - Түрік Азия Стратегиялық Зерттеу Орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «6-шы Ислам әлемі ойшыл ұйымдары платформасының» халықаралық құрылтайы аясында мемлекет басшылары, сенаторлар, шетелдік елшілер мен дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен өтті.

Халықаралық қауымдастықта өзіндік жоғары беделі бар TASAM басқармасының арнайы шешімімен биылдан бастап берілген бұл жоғарғы тұңғыш сыйлықты шығармалары әлемнің 60-қа жуық тілдеріне аударылған, 22 шетел университетінің, академияларының құрметті академигі, ғылым докторы, профессоры, 20-дан астам шетел қалаларының құрметті азаматы, Нобель сыйлығының 100 жылдық мерекесіне орай берілген Нобель алтын медалінің, Калифорния (АҚШ) ғылым Академиясы тағайындаған Халықаралық Альберт Эйнштейн алтын медалінің және 25-ке жуық әртүрлі сыйлықтардың иегері, Түрік әлемі Зиялылар Одағының төрағасы Мұхтар Шахановқа ғаламдық дара парасат иелеріне берілетін «Ислам әлемінің Ыстанбұл» сыйлығын салтанатты жиында Пәкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейн табыс етті (суретте). Пәкістан Президенті Мұхтар Шахановтың бүкіл мұсылман әдебиетіндегі ерекше дара тұлға екенін айта келіп, ақынды рухани жеңісімен құттықтады.

Нұрғали ЖҮСІПБАЙ.

Abai.kz

0 пікір