Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5037 0 пікір 10 Наурыз, 2015 сағат 15:39

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАСПАНА БОСАҒАСЫНА ЖЕТКІЗЕДІ

«Бәйтерек» холдингі Наурыз мейрамы қарсаңында, яғни, 20 наурыз күні «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін тапсыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті холдинг басшысы Қ.Бишімбаев.

Бүгінгі таңда холдингтің еншілес құрылымдары – Қазақстанның ипотекалық компаниясы жергілікті әкімшіліктермен бірлесе кезекте тұрған халық арасында тұрғын-үйді бөлу үрдістерін жүргізіп жатыр. Мәселен, қазірдің өзінде тапсырылуға тиіс 1 357 пәтердің, 516 қатысушысына әкімшілік жолдама берген, ал оның 210-ын Қазақстанның ипотекалық компаниясы мақұлдаған. «Өз кезегінде, қалған үміткерлер бойынша жұмыс жүргізілу үстінде. Аталған сандар әр үш сағат сайын жаңару үстінде және жолдамалар жеделдетілген үрдісте 1-2 күн ішінде қаралуда», - деп мәлімдеді холдинг төрағасы.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылғы сәуір мен желтоқсан айлары арасында көлемі 165,5 мың шаршы метрге тең 1 511 пәтер Астана, Ақтөбе, Қостанай, Тараз, Қызылорда қалаларында тапсырылмақ.

«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қ.Бишімбаевтің сөзіне қарағанда, холдинг дайын нысандарды сатып алумен қатар, кезекте тұрғандарды пәтермен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын-үй нысандарын салумен қатар айналысуда. «Холдингтің еншілес құрылымы – Қазақстанның ипотекалық компаниясының желісі бойынша 2015 жылғы сәуір айында Шымкент қаласында жалпы көлемі 56,2 мың шаршы метр 1 080 пәтер жалға тапсырылмақ. Ал тамыз айында Семей қаласында жалпы көлемі 4 200 шаршы метр 72 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысы аяқталмақ. Астана, Тараз, Семей, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар қалаларындағы қалған тұрғын-үйлердің құрылысы үстіміздегі жылдың желтоқсан айында аяқталады. Бұл – жалпы көлемі 94,1 мың шаршы метрлі 1 700 пәтер», - деп хабарлады ол.

Тұрғын-үй құрылыс жұмыстарының дер кезінде аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында Жобаларды іріктеу ережесі бекітілген. Мәселен, ережеге сәйкес, банк кепілдігі берілген жағдайда ғана аванстық төлем қарастырылған, ал келесі қаржыландыру тек жұмыс толығымен орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғын-үй нысандарын салу мен сату бойынша бақылау жүргізетін бірнеше органдар құрылған.

Бағдарлама аясындағы жаңа жұмыс орындарын қолдау бойынша холдинг басшысы биылғы жылдың өзінде 5 мың жаңа жұмыс орнының ашылғанын атап өтті. «Жыл барысында жұмыс орындарымен 20 мыңға жуық адам қамтамасыз етілмек. Тағы 650 маман салынып жатқан нысандарда жұмыс істейді. Жалпы Бағдарламаның іске асуы барысында 49 мың адам қосымша жұмыс орнымен қаматамасыз етілмек», - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев.

Алдын-ала деректер бойынша, бағдарлама елдегі құрылыс саласына мультипликативтік әсер көрсетпек. Сөйтіп, бағдарламаға қатысушы – құрылыс компаниялары мемлекет тарапынан кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырысқа қол жеткізе алады. Ал тұрғын-үй инфрақұрылымының нығаюы химия мен металлургия, электротехника мен құрылыс материалдары өндірісі өнімдерінің ұлғаюы есебінен аралас салалардың дамуына да жол ашпақ.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394