Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 10084 0 пікір 9 Наурыз, 2015 сағат 11:33

ҚАЙСАРОВ ҚАЙ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ?

Орталық сайлау комиссиясы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қайсаровты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін Астанада өткен брифинг барысында айтты.

«Үміткерлердің өз қолдарымен толтырған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ҚР ІІМ-ге аталған деректерді тескеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ, осы үміткердің мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерінде бірнеше қателер бар екені анықталды», - деді Л.Сүлеймен.


Айтпақшы, Уәлихан Әбішұлы ҚР Президентін сайлау науқанында осымен үшінші рет қатарынан өзін өзі үміткер ретінде ұсынды. Дегенмен, үшеуінде де оның өтінімі қабылданған жоқ. Алдымен 2005 жылы өткен саяси науқан кезінде Қайсаров тиісті мөлшерде қолдаушыларының қолын жинай алмай жарты жолдан сүрінсе, 2011 жылғы сайлауда қазақ тілінен болған емтиханды ойдағыдай тапсыра алған жоқ. Ол жазған диктанттан 28 қате табылған болатын.

Ал, бүгін белгілі болғандай, Уәлихан Қайсаров – Қазақстан Республикасының азаматы болмай шыққан.

Демек, Сайлау туралы Конституциялық заңды жатқа білетін саясаткердің бұл қадамы көз алдау ма, әлде маңызды науқанды пайдаланып ұпай жинау ма?

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5262