Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5473 0 пікір 3 Наурыз, 2015 сағат 10:46

Ауыт МҰҚИБЕК. ДАНА ШЕШІМ

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа!

Біздің ел бола алады айна өзгеге,

Жүрген жоқ киіп халқың жай кездеме!

Жұртым кеп тірелгенде бір өткелге,

Жасайсың батыл шешім қай кезде де!

Бір жылдың неге керек ар-берісі,

Үңілу керек шығар мәнге кісі.

Азаттық Туы қолдан мәңгі түспей,

Қазақтың толса болды малға өрісі!

Жиылған армандастар бұл маңға кіл,

Тілеуі болатұғын жылдам қабыл!

Бір жылдың ар-берісі сөз болып па,

Ұйыған бейбіт өмір тұрғанда бұл!

Ақылын тыңдап өскен ескінің көп,

Таныды Сізді қазақ текті ұлым деп!

Бір жылдың ар-берісі кімге керек,

Тұрса әйтеу болды бізге Көш дүрілдеп!..

Алыпсың ардақтаған жұрт есімін,

Бітедің қараша үйдің мың тесігін!

Тағы елің отыр, міне, Сізді қолдап,

Нұреке, дұрыс болды бұл шешімің!

Сынады Сізді өмірдің кілең өрі,

Жүрек те Сізге біткен, жүрек еді!

Қолдаймыз Нұрекеңді бір ауыздан,

Деп жатыр қандастарың Іледегі!

Сапардан көріп Пекин, Шаңхайдағы,

Қазақтың дүркіреді қанша аймағы!

Шәуешек шашу шашты қуанғаннан,

Керейлер көкпар тартты Алтайдағы!

Талапқа болары хақ сай ертеңің,

Еліңнен жоқ-ау, сірә, аяр терің!

Айтатын шығар өзі Дәулеткерей,

Сәлемін Сізге деген Байөлкенің!

Осы ғой болашаққа көз жеткені,

Оралды Арқаның да тез көктемі!

Қазақтар бөркін атты Орыстағы,

Биледі туыстарың Өзбектегі...

Шашылған жер бетіне андыздалып,

Біз шығар елге пана жалғыз халық!?

Неге ерте қамданбадым деп ішімнен,

Отырмын Башмаковтан сәл қызғанып!

Ақындық жылжып барам төріне мен,

Жазуға еш хақым жоқ жеңіл өлең.

Сүрттің кеп шекпеніңнің етегімен,

«Көш-көш!» деп көз жасымды еңіреген!

Ішінде ойлардың бір жүздің де абат,

Қақтың сен болашаққа қызғын қанат.

Жол ашам дегенің де қандастарға,

Жадырап сала берген біздің қабақ!

Көзін кеп, ашып едің сордан бұлақ,

Жайқалды Арқадағы орман, құрақ!

Заңына қандастардың қол қойсаңыз,

Ар қарай кеткелі тұр жол даңғырап!

Отанын дейтін елге құлпыртам кеп,

Әкімдер жатқан шығар жұртын сәндеп.

Ертең-ақ ағылады Арқаға көш,

Соғады бүкіл жүрек Нұрсұлтан деп!

Жүктің де көтердің ғой сан ауырын,

Жоқ бүгін еріншек қыз, нарау ұлың.

Жұртым кеп толтырады сайгүлікке,

Бос жатқан Солтүстіктің бар ауылын!

Жұртыңды болмайды ғой тыңдамасаң,

Халқысыз шығып еді ер шыңға қашан?!

Жоқтығын Тұмағамның білдірмей мен,

Асырып айбыныңды жырға қосам.

Не ойлар келмес дейсің басыңа дәу,

Сол ойлар бізді бағып, асырады-ау!

Біз Сізге ризамыз, дән риза,

Аман жет Жамбыл атаң жасына анау!!!

 

Астана. 26.02.2015

Abai. kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371