РАХАТ ӘЛИЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Экс-елші, Қазақстандағы қызметі кезіндегі жасаған қылмысы үшін халықаралық іздеуде болған, соңғы айларда Австрияда ұсталып, түрмеде отырған Рахат Әлиев қайтыс болды. Бұл туралы Австрияның басылымдарына сілтеме жасай отырып, еліміздегі ақпарат көздері жариялап жатыр. Дереккөзіне белгілі болғандай, қамаудағы Әлиев жеке камерада асылып қалған... Бұған дейін жалпы камерада отырған экс-елшіні жақын күндері оқшаулауға шешім қабылданған болатын. Әлиевтің адвокаттары мен тергеушілер істің мән-жайы зерттеуде.
ӘЛИЕВТІҢ ӘКЕСІНЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ: БАҚЫЛДАСУЫ МА?
Рахат Әлиевтің қазасына орай ақпараттар легі оның «facebook» желісіндегі жеке парақшасында әкесі Мұхтардың дүние салған кезде жазған хатына оралуға итермеледі. «Сенің дүниеден қайтқаның жайлы хабар маған өте ауыр тиді. Венадағы тергеу абақтысына сырттан ақпарат кешігіп жетеді. Ойымдағыны жеткізуге сөз таба алар емеспін... Әке, сен қай кезде де, барлық жағынан маған үлгі болатынсың. Желі үзілмей соғып тұратын Қызылорданың алыс түкпірінен аттанып,еліңе, әлемге әйгілі адам атандың. Шипалы қолыңмен қанша адамға өмір сыйладың, ақырына дейін дәрігерлік антыңа адал болдың... Әке ретінде әрдайым маған қамқор бола білдің, саған қарыздармын сол үшін!» деп басталатын ұзақ жазбасын Рахат марқұм қандай жағдайда да әкенің орыны айрықша болып қалатынын айтып, «Сені сағынатын боламын... Кешір, әке!» деп аяқтапты. Мүмкін бұл экс-елшінің қарапайым пенде ретінде бұл дүниемен бақылдасуы шығар... Адам өз тағдырының қалай қалыптасатынына ықпал ете алғанымен, ақтық демінің қалай, қай жерде үзілетінін болжай білмейтіндігі ақиқат енді...