Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5750 0 пікір 24 Ақпан, 2015 сағат 14:21

Сүлейменов ҚАРЛАГ мұражайын көрді

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Олжас Омарұлы Сүлейменов ағамызды Долинка кентіндегі Қарлаг музейіне апарып келдім. Ағамыз үлкен әсер алған сияқты. Әр экспонатпен жіті танысып, сұрақтар қойып, 2 сағат аралап көрді.

Қадірлі қонақтар кітабына пікірін жазды. Кетерде өз отбасына байланысты бір әңгіме айтып берді. "Нұрлан, мен 60-шы жылдардың аяғында Лев Гумилевпен кездестім. Менің әкем Омар Сүлейменовпен бір камерада отырыпты.

"Олжас, сенің "Аз и Я" кітабыңа қатысты қатты шу шығып, дау көбейген тұста маған да қарсы пікір білдір деген ұсыныстар болды. Сонда мен: "Жоқ, бұл жігітке қарсы шыға алмаймын. Өйткені, оның әкесі Омармен кезінде тап қапаста бірге отырғанмын, қиыншылықты бірге көргенмін.

Қуғын-сүргін құрбаны болған адамның аруағы үшін-ақ оның баласына қарсы тұрмаймын" деп жауап бердім деген еді. "Миллиондаған әкесінің жатқан жерін білмейтін, мен сияқты, ұрпақтар көп қой..." - деп толғанған Олжас аға Л.Гумилев, Ә.Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай т.б. жайындағы материал, экспонаттар жанын айналшықтап, көп үңілді... Маған жан әкесі жөнінде де осындай бір кішкене үзік дерек шыға ма деген үміті болғандай көрінді.

Нұрлан Дулатбековтың facebook парақшасынан алынды. 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2606
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701