Сенбі, 3 Қазан 2026
Қоғам 8436 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 09:41

ОЙПЫРМАЙ, ОРЫСТЫҢ ҚЫЗҒАНШАҒЫ-АЙ...

Қызғаныш па, қысастық па, бір Құдай білсін, әйтеуір көрші елдің баспасөзі қазақтың жеңісіне жармаспаса отыра алмайтын болыпты...

Айтпағымыз, күні кешегі қазақ боксшысы Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен жекпе-жегінен кейінгі Ресей БАҚ-тарындағы кейбір жазбалар туралы. Орыстар Генаны тағы да «Орыс боксері» деп тантыпты. Міне, "Газета.Ru" басылымы бақырайтын тұрып жазған: "32-й шаг российского нокаутера".


Мәскеулік әріптестердің бұл «жаңылысуы» бірінші рет емес, Генаның қайбір жеңісті сәтінде «Россия» арнасы «Бұл біздің жерлесіміз, орыс жеңімпазы...» деп соққан болатын.

Сары қазақтың «Мен- Қазақпын!» деп кеуде керіп жүргенін көрген көрші елдің қалам ұстағандары көре алмайтын сыңайлы... «Ішің күйсе, тұз жала!»

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 504
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 748