Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4973 0 пікір 5 Ақпан, 2015 сағат 13:08

ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ: ӘЛЕУМЕТ РАЗЫ МА?

«Саясат-Monitoring» әкімдердің биылғы жылдағы алғашқы рейтингін жария етті. Былайғы жұрт үшін маңызы шамалы бұл салыстырмалы тізімде анау айтқандай өзгеріс жоқ.

Көш басында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұр. Дуанбасының бұл орынтақтағы 100 күн ішінде жасаған жұмысы... жіп естірмейді екен. Оның ісіне оң баға берушілер бас қаладағы коммуналдық қызметтің жақсарғанына баса назар аударыпты. Басқа проблема жоқ-мыс. Соған қарағанда, Тасмағамбетов тастай етіп кеткен басқа шаруалардың жайы сол күйінде тұрған болуы керек...

Екінші орында – Ахметжан Есімов. Жалпы, әкімнің ісін екшеуде негізгі критерийлерге көз жүгіртсеңіз, Смағұлұлының жасаған жұмысы Жақсыбековты жерде қалдыруы тиіс еді... Есімовтің бақандай 3 жылға бағытталған «Дағдарысқа қарсы» бағдарламасын қабылдауы Үкіметті ғана емес, қоғамды да қуантып отыр.

Асқар Мырзахметов – үшінші орында! Айыбы – қазаққа тым жақын шенеунік демесеңіз, Мырзахметов сөзімен де, ісімен де елге сүйкімді қалпынан айныған емес. Оны көшбасшылық орынға қоюға сол ұлтжандылығы кедергі болған шығар... Әйтпесе, іскерлігі мен облыстың экономикалық өрлеуі бұл айда да қамшы салдырмайды.

Рейтингтің бастапқы үштігінің көшбасшылары осылар. Бұдан кейінгі бестіктің ішіне кіру көрсеткіші былай орналасқан:

4-орында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев;

5-орында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев;

Ал, басқа аймақ басшылары тиісінше орындарды өзара иеленген екен:

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов;

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин;

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев;

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов;

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев;

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов;

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бағалауға алынған әкімдер арасындағы су жаңа басшы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтың рейтингі есепке кірмесе, тізімнің аутсайдерлері болып Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атанған.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364