Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 5162 0 пікір 5 Ақпан, 2015 сағат 08:15

БЕТІ ҚАЛЫҢ БАНК, АЛДАНАТЫН ХАЛЫҚ...

Халық қажетіне жарату үшін банктерден несие алады. Бірақ несиені өсімімен қайтарады. Біздегі қалыптасқан жылдық өсім 18 пайыздан кем емес. Демек, бір миллион алсаңыз, 180 мың теңге үстемемен қайтарасыз. Дамыған, экономикалық қуаты артқан елдерде бұл өсім әлдеқайда төмен, ең көбінікі 10 пайыздан аспайды. Ал біздің оңай табысқа дәндеп алған коммерциялық банктеріміз ең аз дегенде 16 пайыздан төмен түсіп көрген емес. Жә, халық онымен де келіскен.

«Дәніккеннен құныққан жаман» деген сөз бар, сол айтпақшы, аспандатқан өсімге құнығып алған банктер аңқау халықтан тағы бір өсім алатын көрінеді. «Ұялмаған бұйырмағанды алады» демекші, ұятты мүлде жиып қойған олар өздерінің клиенттерінен «қарыздық (ссудалық) есепшотты» жүргізгені үшін де ақы алады екен. Оны Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров палатаның жалпы отырысында жария етті. Депутаттың айтуына қарағанда клиенттерінің заңды жақсы білмейтіндігін пайдаланатын бетсіз банктер несие беру туралы келісім-шартқа осындай талапты да енгізіп жіберетін көрінеді. Ақша қолына тигеніне мәз болатын клиент ұзақ-сонар келісім-шарттың барлық баптарын оқиды дейсіз бе, қолын қоя салады. Соны пайдаланған арамзалар оның мойнына қызметкеріне өзі төлеуге тиісті шығынды да арта салыпты. Тек кейбір көзі ашық клиенттер ғана мұндай артық шығынды сот арқылы қайтадан өндіріп алатын көрінеді, ал негізгі халық оны маңдай тері сорғалап төлеп жатыр. Депутат келісім-шартқа мұндай артық төлемді енгізбеу туралы Ұлттық банктың арнаулы ескертуі бар екенін де айтты. Алайда оны орындап жатқан банктер шамалы, бәрі де ауадан ақша жасауға әбден құнығып алған. Айқын Қоңыров осыны айта отырып, Ұлттық банктың осы мәселені тексеруін талап етті.  

Серік ЕЛЕУ,

сарапшы.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364