Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 6006 0 пікір 28 Қаңтар, 2015 сағат 09:10

ЕСІМОВ ЕСІКТІ НЕГЕ КІЛТТЕП АЛДЫ?

Алатаудың алтын алқасы секілденген «Көкжайлау» шипажайы аумағындағы құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қатысты дау қызып тұр. Бұл мәселеде қоғам белсенділері мен табиғат жанашырларының наразылығы күн сайын артып бара жатқан сыңайлы. «Көкжайлау» мәселесіндегі көп жайтқа қала әкімі Ахметжан Есімовтың назарын аударуды көздеген топ түрлі әрекеттерге барудан да тайынар емес.

Жақында бір топ қоғам белсенділері Алматы қаласы әкімдігінің алдына жиналып, қала басшысына... алтын жалатылған ара мен арнайы алқаны тапсырмақ болды. Тау баурайындағы табиғатқа зиян келтіріп, ғасыр бойы тамыр жайып тұрған ағаштарды жаппай кесуге қарсылық ретінде олар Есімовты «Бас отын кесуші» деп атап, марапаттамақшы екен. Алайда, белсенді топ ғимаратқа келгенде, әкімдіктің есігі арғы жағынан кілттеніп қойылыпты.

«Есімов есігін кілттеп алыпты, бұл Ахметжан Смағұлұлының осы күнге дейінгі жасаған қылықтарының ең күлкілісі әрі сорақысы болды. Біз бәрібір әкімге арнаған сыйлығымызды тапсырудың жолын табамыз. Осы арқылы «Көкжайлауды» қорғауды жалғастыра береміз» деп жазады қоғам белсендісі Ұлан Шәмшет өзінің kazpost.org сайтындағы жеке блогында.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303