Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 6140 9 пікір 29 Наурыз, 2017 сағат 10:20

Головкиннің Астанада кездесуі өтпеуі мүмкін

Gennady Golovkin in action against David Lemieux in a World middleweight championship title unification bout at Madison Square Garden in New York on Saturday, Oct. 17, 2015. Golovkin won by a TKO in the eighth round. (AP Photo/Rich Schultz)

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы The Steppe сайтында Қазақстандағы жекпе-жектің өту-өтпеуі әлі белгісіз екенін, ал жаңалықтарда тек қауесет айтылып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 

GGG өзінің туған елінде жұдырықтасуға қуана-қуана келісім беретінін бірнеше мәрте айтқан еді. Бұл жекпе-жек тіпті әлем боксының жылнамасына жазылады деп есептеле бастады, себебі бұл соңғы он жылда әлемнің абсолют чемпионын анықтайтын, барлық титул тігілетін кездесу болады делінеді. Ал Геннадийдің өзі Қазақстан тарихында посткеңестік елдердің тарихында, құрлықта тұңғыш рет, әлем боксы тарихында үшінші болып барлық негізгі төрт титулды жеңіп алу мүмкіндігіне ие бола алады.  "Үшінші тұлғалардың осы жекпе-жекке қатысты барлық мәлімдемесі - Головкин арқылы өзін жарнамалау. GGG командасы қолдан келгенді жасады, бірақ бокс кешін өткізу әлі де шешілмеген мәселе, мұның барлығы негізінен қазақстандық тараптың ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болып отыр. Кәсіпқой бокста әр істі өз уақытынды істеу өте маңызды. Астана бокс әлемінің ірі оқиғалары өтетін әлемдік қалаларың тізіміне қазір енбесе, шынын айтайық, мұндай мүмкіндік таяуда бола қалмайды. Бола ма екен өзі?!", - деп жазады басылым.

 

Ал өз кезегінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері жекпе-жек өткізу бойынша Головкиннің командасына дедлайн қойып отыр.

 

"Бұл жекпе-жектің шарттарына қатысты ешқандай проблемамыз жоқ. Бұл Головкинге қаншалықты керек болып тұрғанына байланысты. Біз екіұшты жағдайда ұзақ бола алмаймыз, уақыт шектеуі болуы керек. Біз осы аптада Головкинмен не келісімге келуіміз керек, не келісімге келмейміз", - деп келтіреді Уорреннің сөзін Behind The Gloves.

 

Абай-ақпарат

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052