Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Дежа вю 12206 9 пікір 29 Наурыз, 2017 сағат 12:22

Алаң да алаң алаң жұрт... Жалаң аяқ жалаң бұт

Астанаға Рианна келеді. Ол Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, шетелдік туристерге ән салып бермек. Әп, бәрекелді! Келсін ғой, бірақ ол тегін келмейді. Әлемдік сахналардың көрігін қыздырып жүрген бәденді бикеш ән салып берген еңбегіне – 2 миллион АҚШ долларын алып қайтпақ.

Тіпті, Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми сайтында Рианнаның өнер көрсететін уақыты да белгіленіпті. Бұл әзірге нақты емес екен, Риананның ән шырқайтын уақыты өзгеруі әбден мүмкін.

 

Болжам бойынша, жартылай жалаңаш жүріп ән айтатын "поп-жұлдыз" «Астана-Арена» стадионында, отыз мыңнан асатын көрерменнің алдында   мәдени-танымдық іс-шаралар кезінде өнер көрсетеді. Пох, шіркін! Қашан? 6 маусымда!

 

Кейінірек белгісіз себептерге байланысты бұл ақпарат сайттан өшірілген.

Tengrinews.kz-тің жазуына сүйенсек, Барбадостан шыққан әншінің кештерін ұйымдастырып жүрген маман Рианнаның Қазақстанға келіп қайту сапары 1,5-2 миллионның төңірегінде болады депті.

Айтпақшы, Рианнадан бөлек Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде американдық жұлдыз Steve Aoki өнер көрсетеді.

Осы тұста айта кетейік, енді екі-үш айдан соң Елордада өтетін көрмеге әлемнің 115 мемлекеті қатысады. Шамамен 5 миллион турист келеді. Оларға Рианна бастаған бірсыпара шетелдік әртіс өнер көрсетеді.

Рианнаның келе жатқанын ойласақ көңілде: "Қазақ өнерге кенде ме еді?" деген сұрақ көлденеңдейді.  Шетелден келетін 2-3 миллион турист  жалаң аяқ, жалаң бұт "жұлдыздың" емес, қазақтың мәдениетімен, тілімен, тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін келеді емес пе?.. Шетелдік туристерге «міне, қазақтың өнері, мәдениеті» деп көрсетеріміз жоқ па?

Әлде, әншіге жарымай жүр ме едік?  Арандары ашылған "жұлдыздарды" ЭКСПО-ның төрінде тайраңдатқаннан кім  не ұтады?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969