Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 05:07

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын: САНАМЫЗДЫ ҚҰЛДЫҚҚА ЖЕҢДІРІП АЛДЫҚ

Ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысқан алғашқы жылдан бастап, Сарыарқаға көшкен ақындардың бірі - Серік Тұрғынбекұлы. «Осы жылдар ішінде Астанаға бауыр басып кеттім», - дейді ақын ағамыз. Қашанда ақынның айтар ойы азат болғаны белгілі. Әйтсе де, оны бүгінгі әдебиеттегі әріптестерінің жағымпаздыққа «құштарлығы» алаңдатады екен.

- Сіз алғашқылардың бірі болып Заманбек пен Алтынбектің қа­засына орай арнау жазған ақындардың бірісіз. Көптеген ақындар марқұмдардың аттарын атауға үркіп жүргенде, сіздің арнау арнағаныңызға не себеп болды?

- Қазақ халқы бақиға аттанған адам­ның артынан жаман сөздер айтпаған. Әрі-беріден соң ұлтына қарсы шыққан адамның өзін де халық ұнат­паған. Заманбек пен Алтынбек ұлтын ерекше жақсы көрді және олар еш қылмыс жасаған жоқ. Әсіресе Заманбекпен қатты араласқан жанның бірімін. Мен білетін Заманбек қазағына, ұлтына қарсы болған азамат емес. Жеке тұлға­лармен арасында қақтығыстар болған шығар. Бүгінде ондай қақтығыстар күн­де болып жатыр емес пе? Тіпті кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білмей қал­дық. Ақын және азамат ретінде Заман­бекті қазақтың ұлы тұлғалы азаматы деп түсінемін. Оның өлімінің өзін мазаққа айналдырып «өзін-өзі үш рет атты» деп отырмыз. Меніңше, Зәкең мазаққа айналатын тұлға емес.

Ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысқан алғашқы жылдан бастап, Сарыарқаға көшкен ақындардың бірі - Серік Тұрғынбекұлы. «Осы жылдар ішінде Астанаға бауыр басып кеттім», - дейді ақын ағамыз. Қашанда ақынның айтар ойы азат болғаны белгілі. Әйтсе де, оны бүгінгі әдебиеттегі әріптестерінің жағымпаздыққа «құштарлығы» алаңдатады екен.

- Сіз алғашқылардың бірі болып Заманбек пен Алтынбектің қа­засына орай арнау жазған ақындардың бірісіз. Көптеген ақындар марқұмдардың аттарын атауға үркіп жүргенде, сіздің арнау арнағаныңызға не себеп болды?

- Қазақ халқы бақиға аттанған адам­ның артынан жаман сөздер айтпаған. Әрі-беріден соң ұлтына қарсы шыққан адамның өзін де халық ұнат­паған. Заманбек пен Алтынбек ұлтын ерекше жақсы көрді және олар еш қылмыс жасаған жоқ. Әсіресе Заманбекпен қатты араласқан жанның бірімін. Мен білетін Заманбек қазағына, ұлтына қарсы болған азамат емес. Жеке тұлға­лармен арасында қақтығыстар болған шығар. Бүгінде ондай қақтығыстар күн­де болып жатыр емес пе? Тіпті кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білмей қал­дық. Ақын және азамат ретінде Заман­бекті қазақтың ұлы тұлғалы азаматы деп түсінемін. Оның өлімінің өзін мазаққа айналдырып «өзін-өзі үш рет атты» деп отырмыз. Меніңше, Зәкең мазаққа айналатын тұлға емес.

Ал Алтынбектің ақыл-ойы парасаты және білімі мен білігі талай замандасынан артық болды. Алтынбек - қазақ елінің тәуелсіздігі мен Елбасына жанымен беріліп қызмет еткен адам.

- Біздің көпшілік зиялыларымыз қызметте балам бар немесе жеп отырған нанымнан айырыламын деп, өз ойларын ашық айтуға қаймығады. Осындайда «Тұр­сын­бек Кәкішев пен Қабдеш Жұмаділовтің, Дулат Исабек пен Ғаббас Қабышевтің балалары мен асқазаны жоқ па» деген ой келмей ме сізге?

- Жоғарыда аты аталған азамат­тардың қай-қайсысы болса да - батыр кісілер. Қазақта жеке мүддеден ұлттық мүддені жоғары қоятын азаматтар бол­ған, құдайға шүкір, қазір де бар. Бірақ соңғы кезде біз, шынында, жалтақ және жағымпаз болып қалдық. Ресейдің 300 жылдай отары болуымыз салдарынан санамызды құлдыққа жеңдіріп алдық. Осының әсерінен біз­дер әлі күнге дейін «заман қалай болып кетеді» немесе «бала-шағамыз не болады» деп қор­қамыз. Осындай үрейді әу баста үкімет тудырмауы керек еді. Ұлт­тың сөзін сөйлегені болмаса, зиялы қауым өкіл­дері еш уақытта халқына жамандық жасамайды. Ал ұлттың сөзіне билік құлақ асуы керек. Өкінішке қарай, билікке ұлттың сөзін айтқан адам мен оппозиция жау сияқты болып қалды. Меніңше, жаулық ойлап отырған оппозиция жоқ. Әрқайсысының мүддесінде ұлттың намысы мен идеясы жатыр. Ал ұлтқа қар­сы адамдарды халық та жақсы біледі.

Ұлттың сөзін айтып жүрген азамат­тарға және олардың балаларына қуғын-сүргін болмаса, неге шындықты айтпас­қа? Олардың ұрпақтарын немесе өзде­рін қудалау кездесіп қалып жатады. Ал қазақ ұлты басқалар сияқты емес, ол - баласы мен немересінің жайын қатты ойлап, отбасына айрықша көңіл бөлетін халық. Бұл - биліктің қолдан жасап отырған үрейі. Қазақ - шын мәнінде батыр халық. Дегенмен арғы ата-баба­ларымыздың батырлық болмысынан айырылып қалдық. Әсіресе кейінгі 70 жылғы жағдай біздерді жағымпаз етіп жіберді. Осының әсерінен әлі күнге дейін арыла алмай келеміз.

- Серік аға, қазіргі қазақ қоғамының басты дерті мынау деп, үш кілтипанды атаңызшы.

- Бүгінгі қазақ қоғамындағы басты дерт жемқорлық пен жағымпаздық мәселесі болып отыр. Шыны керек, қазір кімге сенерімізді білмей қалдық. Үкімет басына келген бір-бір уәзірлер ай немесе жыл өтпей жатып, жемқор болып шы­ға­ды. Соның салдарынан билік басын­дағылардың беделін әбден түсіріп болдық. Халықтың ішінде басшы­лыққа келген адамды жемқор деп есептеу белең алды. Бұл, әрине, біздің қасі­ре­тіміз. Қазір бастыққа батыл сөз айту қиын болып кетті. Басшылардың іс-әре­кетін тек Қаржы полициясына тапсырып, міндеттеп қойдық. Жалпы, бұл Қаржы полициясының міндеті емес.

Екінші мәселе - дін жайы. Елімізде көпұлтты халық немесе әртүрлі дін мекен етеді деген желеумен үлкен жиындар өткізуге әуестеніп алдық. Басқа секталарға қарағанда, өзіміздің ата дініміз төмен түсіп кетті. Әлемде ислам дінін жеккөрінішті, тіпті қорқынышты жағ­дай­да көрсету әдеті бар. Қазақ елі ислам дінін әспеттей алмай отыр. Ішер асың мен киер киімің бола тұра, дінің әлсіз болса, еңсемізді көтеріп жүруіміз қиындау болады. Ислам дінінің ішінде ұлттығымызды мойындамайтын секталар көбейіп кетті. Дінді саясатқа айнал­дыруға болмайды. Қазақ Абай мойын­сұн­ған жолмен жүруі керек.

Үшінші мәселе қазақ тілінің жай-күйі болып отыр. Тілді көкпарға салып, қан­ша­ма қаржы жұмсап, әуре-сарсаңға түсіп жатырмыз. Азаттығымызды алған соң, тіліміз бірінші кезекте тәуелсіз болуы керек еді. Олай болмады. Түркі тектес тілдердің ішінде ең мағыналысы да, ауқымы тереңі де қазақ тілі екенін алаш арыстары айтып кеткен болатын. Қазіргі таңда тілге байланысты өлеңдер жазып жүрмін. Мәселен:

Әр сөзі жазылғандай тасқа бекем,

Рухы бәрінен де асқақ екен.

Он айда үйренетін қазақ тілін

Он жылға созғанымыз

масқара екен.

Жүресің сауатсызды санап кімге?

Әрине, болып жатса талап күнде.

Қазаққа қажет емес қазақ тілін

Орыстар үйренеді он-ақ күнде.

Егер кеңес үкіметіндей қатаң талап қойсақ, тілімізді қазақтан бұрын өзгелер үйреніп алады. Алаш арыстары баста­уыш мектептер түгел қазақ тілінде болуы керектігін айтқан болатын. Ал елімізде әлі күнге дейін аралас мектептер өз жұмысын жүргізіп отыр.

Мен, өз басым, аралас мек­тептерді алапес мектептер деп есептеймін. Оның ала­пес­тігі кедір-бұдыр көрініп тұрады. Оны шын мәнінде аралас мектеп деп атау­дың қажеті жоқ. Ол, негізінен, орыс мек­тебі.

- Ал осы кілтипандардың көзі болып отырған саяси билікті өзгерту қажет деп ойламайсыз ба?

- Қандай күрделі жағдай болсын, мемлекет оған жай қарай алмауы керек. Ал түзетуге шамасы келмей жатса, билікті ауыстырудан басқа қандай шара бар? Тым болмаса келесі биліктен халық үміт күтеді. Одан кейін елбасы деген сөзден артық сөз жоқ. Біз көшбасшы, ұлтбасшы деп неше түрлі сөздерді тық­палап жатырмыз. Осылардың барлығы да елбасы дегеннен артық емес. Мәселен, көшбасшы деген де оңтайлы сөз емес. Себебі, көш адасып немесе тұйыққа тіреліп қалуы да мүмкін.

- Соңғы рет туған өлкеңіз Торғайға қашан бардыңыз? Қостанайға өгей болған елдің ахуалы қалай екен?

- Торғай туып-өскен жерім болған соң, мен үшін - жұмақ мекен. Менің туған өлкем тек аң аулап, жеке табыс­керлердің көңіл көтеретін ермегіне айналып барады. Онда аң-құстар көп. Ендеше, ол жерге неге орталықтар ашпаймыз? Аң-құс өскен жерге мал өспей ме? Ауызекі сөзге қарағанда, жағдайымыз Ресейден, кейде тіпті Америкадан асып түседі. Сөйте тұра, алақандай Торғай­дың жайын жақсарта алмай отырмыз. Семей мен Торғай қазақтың қос қанаты сияқты құт мекені болуы керек.

Себебі, Семейде Абай Құнанбай­ұлы, Торғайда Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген болатын. Қазақтың екі алыбын қастер­лей алмасақ, неменеге жеке-дара мемлекет болып отырмыз?

- Алматыға қарағанда, Астанадағы зиялы қауым өкілдерінің үні бәсең естіледі. Бұлар билік ұстатқан майлы жілікке мәз болып отырған жоқ па?

- Астанаға келген зиялылардың барлығы - биліктің ықпалымен және соның сөзін сөйлеуге келгендер. Көбісі тіпті биліктің қолшоқпары болып кетіп жатыр. Әрине, барлығын кінәлауға болмайды. Мұнда да ұлтының болашағын ойлайтын зиялылар бар. Ал Алматыда ұлттық рух қалыптасқан. Өйткені онда алаш арыстарының ізі қалып, қаны төгілген болатын. Астанаға көбісі күнкөріс үшін және кәсіп жасау үшін келген. Әйтсе де, Астанадан күтер үмітім мол. Астана өткен он жылдығымен салыстыр­ғанда едәуір жақсарған. Оған себепкер болған қала әкімі Иманғали Тасмаған­бетов сияқты ұлтын сүйген азамат деп білемін. Оны кейбіреулер президенттің өнімі деп кінәлайды. Тіпті солай болған­ның өзінде ұлттың рухын ту етіп көтеру­дегі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.

- Аға, осы сұхбат шығатын біз­­­дің газетіміздің айдары «Дат, тақсыр!» деп аталады. Назарбаевтан бір дат сұраңызшы, не айтатыныңызды оқырманымыз біле жүрсін...

- Мені Назарбаев қабылдамайды. Өйткен ол тізімге мен сияқтылар кір­мейді. Кірсек, бәлкім, айта алар ма едік... Сөйткенмен мен ең алдымен билік басын­дағы бүліншілікті дереу тоқтатса екен деп айтар едім. Уәзірлердің арасын­дағы саяси қақтығыстар мен шайқастар ха­лықты діңкелетіп бара жатыр. Осыларды жемқорлармен емес, ұлттың на­ғыз пат­риоттарымен алмас­тырып, мүлде жаңа бетбұрыс жасайтын кезге келіп жеттік.

Сұхбаттасқан -

Серікбай БЕРДІҚОЖА

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 35 (72) от 06 октября  2010 г.

(Сұхбат ықшамдалып жарияланды)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391