Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4302 0 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 12:21

Максим Арышевтың террактіге қатысы жоқ - ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Санкт-Петербургтегі террактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Террористік акт туралы ақпарат түскен бойда біз бірден ортақ жұмысқа кірістік. Бүгін Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметімен бір азаматтың ол террактіге қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ол - Орталық Азияның тумасы. Бірақ Қазақстан азаматы емес. Бұған дейін "террористік актіге қазақстандық Максим Арышевтың қатысы бар болуы мүмкін" деген ақпарат тараған болатын. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол комитеттің бақылауына түспеген, тіркеуге де алынбаған. Ресейлік әріптестеріміз де оны террактіні ұйымдастырушысы ретінде қарастырып жатқан жоқ. Шамасы, ол - террактінің құрбаны. Себебі жарылыстың дәл ортасында болған", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, жақын арада террактінің ұйымдастырушысы, сондай-ақ оған қатысы бар азаматтар анықталуы тиіс. Сол кезде ресми ақпарат жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін «Фонтанка» интернет-газеті 3 сәуір күні Санкт-Петербург метросында болған жарылысты ұйымдастыруы мүмкін жанкештінің есімін атаған еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371