Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3188 0 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 15:58

Ресей мен Беларусь газ дауын реттегені жөнінде мәлімдеді

Ресей мен Беларусь мұнай және газ жеткізуге қатысты туындаған дауды шешуге қол жеткізген. Екі елдің президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко 3 сәуірде Санкт-Петербургте кездескен.

Путиннің мәлімдеуінше, мәмілеге қатысты шешімдер 10 күн ішінде шығуы тиіс. Ол тараптар 2020 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастыққа қол жеткізді дейді.

Ресей ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Ресей вице-премьері Аркадий Дворкович Беларусь 726 миллион доллар қарызын біртіндеп өтеуі тиіс деп хабарлаған. Осыдан кейін барып, мұнайды экспорттауды қайта бастамақ.

Соңғы айларда Лукашенко бірнеше рет Ресейді сынады. Ол Мәскеуді энергия ресурстарын жеткізу жөніндегі келісімді бұзып отыр деп айыптап, "біздің жағамыздан алды" деген. Минск 2015 жылдың желтоқсан айынан бері Еуразиялық экономикалық одақты құру жөнінде келісім күшіне енгеннен бастап, Ресей газ бағасын екі есеге көтеріп жіберді дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371