Сенбі, 23 Қараша 2024
3876 19 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 21:34

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Сирияда дербес әрекет етем деп қорқытты

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы жағдайға қатысты ұжымдық келісім қабылдамаса, АҚШ дербес әрекет етуге әзір екенін мәлімдеді. Кеңес отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли осылай деді.

Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы химиялық шабуылға қатысты жиналысы нәтижесіз аяқталды. АҚШ, Ұлыбритания және Франция ұсынған қарарды тараптардың келісе алмауына байланысты дауысқа салмады. Хейлидің айтуынша, сириялық үкімет, Ресей және Иран жанжалды шешуге құлықсыздық танытып отыр.

4 сәуірде сириялық опозиция Хан-Шейхунда ондаған адам қаза тапқанын мәлімдеді. Жергілікті дәрігерлер жүйкенің салдануын тудыратын газ қолданған болуы керек деп отыр. Аймақта шашамен 72 адам осы дерттен көз жұмды. Бүлікшілер Сирияның үкімет әскерін айыптады.

Химиялық шабуылды сынаған қарар авторлары БҰҰ-ны газ қолдануға қатысты қорытындысын тезірек шығаруға шақырды.

АҚШ және Еуроодақ елдері химиялық шабуылға Сирия президенті Башар Асад жүйесін айыптап отыр. Ресейдің мәлімдеуінше, 4 сәуірде сириялық авиация снаряд қоймаларына улы заттармен соққы жасаған. Мәскеу нұсқасы бойынша, бұл снарядтар Ирак пен Сириядағы терроршыларға жеткізіледі.

Абай-ақпарат

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394