Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3627 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 05:52

Ержан БАЙТІЛЕС. БІЗ ЕРЛІК ЖАСАЙ АЛАМЫЗ БА?

Көне түркі заманына бойлап, сақтар мен ғұндардың, қыпшақтардың дәуірін сөзбен суреттеп, ерлік дастандарын санамызда жаңғыртпай-ақ қоялық. Шыңғыс қаған заманында шыңырауға құламай, шын бейнесін сақтап қалған бабалардың айтулы жорықтарын тағы қайталап не керек? Үлкен ұлыстан іргесін бөлек салып, қазақ деген хандық құрған Керей мен Жәнібектің жанкештілігін жұрттың бәрі біледі. Қасым, Есім, Тәуекел, Абылай хандардың заманындағы ұлтты сақтап қалу жолындағы болған күрестерді тарих деген кәрі тарлан бойына сақтап, бүгінге жеткізді. Заманында қазақ үшін қан кешкен Хан Кененің сұсты бейнесі көз алдымызда әлі тұр. Қысқасы, қайқы қылыш тағынып, сауыт-сайманын асынып, бес қаруын сайланып шыққан текті тұқымның ұлдары туған халқының болашақ өмірі үшін ерлік жасады. Бастарын бәйгеге тікті. Жанын аямады. Соның бәрі қазақ үшін болатын. Оның бәрі болашақ ұрпақтың қамы еді. Олар ерлік мұратты еріккеннен емес, біз үшін жасады. Бүгінде біз қымбат көлік мініп, бес жұлдызды қонақүйге түсіп, қымбат ресторандардан ас ішіп, аяқ босатып жүрсек, ол ең алдымен Алланың, онан кейін аталарымыз жасаған ерліктерінің арқасы. Шамаңыз келсе, дау айтып көріңіз.

Көне түркі заманына бойлап, сақтар мен ғұндардың, қыпшақтардың дәуірін сөзбен суреттеп, ерлік дастандарын санамызда жаңғыртпай-ақ қоялық. Шыңғыс қаған заманында шыңырауға құламай, шын бейнесін сақтап қалған бабалардың айтулы жорықтарын тағы қайталап не керек? Үлкен ұлыстан іргесін бөлек салып, қазақ деген хандық құрған Керей мен Жәнібектің жанкештілігін жұрттың бәрі біледі. Қасым, Есім, Тәуекел, Абылай хандардың заманындағы ұлтты сақтап қалу жолындағы болған күрестерді тарих деген кәрі тарлан бойына сақтап, бүгінге жеткізді. Заманында қазақ үшін қан кешкен Хан Кененің сұсты бейнесі көз алдымызда әлі тұр. Қысқасы, қайқы қылыш тағынып, сауыт-сайманын асынып, бес қаруын сайланып шыққан текті тұқымның ұлдары туған халқының болашақ өмірі үшін ерлік жасады. Бастарын бәйгеге тікті. Жанын аямады. Соның бәрі қазақ үшін болатын. Оның бәрі болашақ ұрпақтың қамы еді. Олар ерлік мұратты еріккеннен емес, біз үшін жасады. Бүгінде біз қымбат көлік мініп, бес жұлдызды қонақүйге түсіп, қымбат ресторандардан ас ішіп, аяқ босатып жүрсек, ол ең алдымен Алланың, онан кейін аталарымыз жасаған ерліктерінің арқасы. Шамаңыз келсе, дау айтып көріңіз.
Ағартушылықты, ақындық пен жазушылықты, саяси қайраткерлікті, ел басқару ісін, қысқасы, қоғамдағы қыбыр еткен саланың барлығын қамтуға тырысқан Алаш зиялылары да осы елдің болашағын баянды етуге барын салды. Әлихан, Ахмет, Мұстафа, Міржақып, Бейімбет, Сұтанмахмұт, Мұхамеджан секілді шоқ жұлдыздай болған алаш арыстары билік қуған жоқ. Қайткен күнде қазақ баласын іргелі ел етем, келешегін кемел қылам деген тұрғыда жұмыс жасады. Тоғышар болған жоқ. Тойып та ештеңе жемеді. Тапқаны не? Қуғын-сүргін, тексеру, түрме. Ең соңында, құрбандық. Олар мына біз үшін құрбан болды.
Кеңестен киепет табам деген Сәкендер де елдің болашағына алаңдағаннан сол жағалауға өтті. Еріккеннен немесе атақ-даңқ қуғаннан емес. Олардың да бар арманы қазақтың көсегесін көгерту, алдағы жолын айқындау еді.
Желтоқсанда қырылған қазақ жастары аттарын тарихқа қашап кету үшін, атақ-абыройын арттыру мақсатында алаңға шықпады. Олар да елдің болашағына алаңдады. Мерт болды. Соққыға жығылды. Түрмеге жабылды. Қудаланды. Құрықталды. Тоз-тоз болды. Бүгінде біз Тәуелсіздік атты түсініктің туын желбіретіп отырсақ, сол кездегі жалынды жастарға қарыздармыз.
Мұның бәрі ерлік. Тағы бір адамның ерлігін айтайық. Жастайынан «халық жауының баласы» атанып, көзге шыққан сүйелдей болып сүйкімі кеткен жас бала туған халқының тарихын зерттеуге ден қойыпты. Қазақы қалпын бұзбаған қара жерде өмір сүрген осы бала шынашақтай кезінен қазақтың қалтарыс тарихын қопарумен айналысады. Соның нәтижесінде Шалкиіз, Дулаттардың жырлары қазақ ортасына қайтып келді. Соның арқасында біз аласапыранда өткен өмірді көзімізбен көргендей болдық. Ол – Мұхтар Мағауин болатын. Қазаққа «Қаһар», «Тазының өлімі», «Сары қазақ» секілді романдарды берген кәдімгі Мағауин. Мұхтарлардың жалғасы. Көзінің майын тауысып, жүйкесін жұқартып қазаққа қатысты тарихтың бәрін осы Мұхаң жинады. Біз Мағауиннің өмірі де ерлікпен өтіп келеді деп білеміз.
Тіліміз жеткенше бізге дейінгілердің ерлік жолын баяндағандай болдық. Енді тақырыбымыздың темірқазығына оралайық. Кейінгі кездері пақырыңызды «менің замандастарым ерлік жасай ала ма?» деген ой жиі мазалап жүр. Жалпы, бүгінгі қазақ жастары ерлік жасауға құлықты ма? Аталар аманатын адалынан атқара ала ма?
Мағауин «Аласапыранды» жазғанда мамыражай заман емес еді. 37-нің өзі болмаса да, оның елесі елдің ішінде әлі күнге дейін жүрген. Дегенмен таным-түсінігі әбден қалыптасқан жазушы ұлттық мұрат жолында жұмысын жалғастыра берді. Сол заманның өзінде қабырғалы дүниелерді табаққа салған бастай ғып бізге ұсынды. Сол заманда ұлттың жоғын түгендегені үшін Мағауинге алтыннан ескерткіш орнатса болады.
Өткенде қаламды ермек етіп жүрген бір жігітпен жолығып қалдық. Жазушы деп айта алмаймыз. Өйткені ондай қасиетті ұғымды әркімге телісек, онда оның киесі ұрады. Сондықтан ол жігітті жазушы деп, аузымыздың қисайып қалғаны бізге керек емес. Сол пақыр не дейді? Салған жерде «ұйғырлар туралы кітап жазып жатырмын. Кейіпкерім Ахмадиев. Шәкен Аймановтың үйінде үш жыл тұрған. Баласындай болып кеткен» деп салды. Тырс етпедік. Ол біздің өзі айтып отырған жұртқа қатысты көзқарасымызды білетін. Сонда да қазіргі депутатты мақтауын қоймады. Аяғын жерге тигізбей, көкке шығарып, үсті-үстіне мадақ айтып, тұлғалық қасиетін барынша ашып көрсетті. Қош дедік. Нарықтың заманында, онда да мынадай дағдарыс кезінде қазақтың бір баласы әлгі кісі туралы кітап жазып, одан ақша сауса, біздің не шатағымыз бар. Осы тоқтамға келіп, әлгінің одасын үн-түнсіз тыңдай бердік. Әсілі, ол әңгімесі бізге майдай жағып барады деп ойлаған болуы керек. Көпірген аузын аз-кем сүртіп алды да, былай деді:
Сен білесің бе, тарихта қазақ пен ұйғырдың арасында ешқашан соғыс болмапты. Екі ел сан ғасырлар бойына тату жатқан. Бірін-бірі шаппаған. Еркегін құл, әйелін күң етпеген. Қойы қоралас, ауылы аралас жатқан. Бұл деген керемет қой. Өзіміз бір туғанбыз деп мадақтайтын қырғыздармен қайта көп соғысыппыз. Кенесарының да басын шауып алған солар ғой. Кітабыма осыны кіргізгелі отырмын.
Бұған дер кезінде тоқтау салмаса ұзаққа шабатынын байқағаннан соң, ойғырлар туралы оданы тоқтатуды талап еттік. Түріміз де қарауытып, көзіміздің ағы мен қарасына қызыл араласып, түтігіп кетсек керек. Соны байқаған әлгі жылыстап шығып кетті.
Сіз осы әңгімеден не байқайсыз? Ал біз мынаны айтар едік. Ең бірінші, ұйғыр қазақпен семсер айқастыратындай жеке дара мемлекет болмаған. Рас, есте жоқ ескі заманда Ұйғыр қағанатының өмір сүргенін білеміз. Ал Керей мен Жәнібектен басталатын қазақ хандығының тұсында ұйғырларда мемлекет болған жоқ. Сондықтан адуыны арынды, кезіккен жауын жайпап салатын қазаққа ұйғырдың қарсы тұруы қиын еді. Ал қырғыздың қазаққа көз алартуы, ол белгілі жағдай. Олар да өзінше іргелі мемлекет болды. Шекарасын қорғады. Халқын аман сақтауды ойлады. Сондықтан қазақпен қылыш түйістіруге, қалқан қағыстыруға тура келді. Екінші, қырғыз қанша жерден тойынса да, қазақтың құлағын кесіп, басын далаға лақтырып тастамаған. Жап-жас қызын қорламаған. Зорламаған. Әгәрәки, әлгі жігіт өзіне кейіпкер етіп алып отырған халық біздің бір туған ұлт секілді жерге, елге ие болса, онда талай соғысты бастан өткерген болар едік. Қазірдің өзінде олар шамасы жетсе қазақты сүріндіруге, келеке етуге, намысын таптауға тырысып бағады.
Өз басым, қазақтың арасында намыссыз жігіттер бар деп ойламайтын едім. Мына бір шағын әңгімеден кейін осындай намыстың қайрағына түспеген адамдардың барын көріп, көңілім құлазып сала берді.
Әлдебір ұлттың, я болмаса ұлыстың ортасына от тастаудан аулақпыз. Бірақ тарих толқынында жағаға шығып қалмай, ұлттығын, мемлекеттігін, беріктігін сақтап қалған қазақ дейтін ұлысты кемітіп, шамасы жетсе ұлын құл, қызын күң етуге тырысатын әлдебір халықтар туралы көлемді шығарма жазып, оларды аспандағы айға теңеп, бізбен достық рәуіштегі ел болған деп әспеттеудің керегі не? Кей пақырлар «Есектің артын жусаң да ақша тап» деп Абай айтқан» дегенді алға тартатын шығар. Абай арыңды, намысыңды сатып ақша тап деген жоқ.
Бір адамға байланысты «қазіргі қазақ азаматтары ерлік жасай алмайды» деп ой түйсек, онда ол ақымақтық болар еді. Дегенмен кейінгі кездері туған халқын қорғауға қарсы болған жігіттердің бары білініп жатыр. Әлдебір сектаға мүше болған бозбалалар қазақ ғаскерінің қатарын толықтыруға үзілді-кесілді қарсы болыпты. Бұл да сорақылықтың бір түрі. Көкіректерінде намыстың кішкентай ғана сәулесі болса, онда олар жер жаһанға бүйтіп жария салмаған болар еді. Онан бөлек, өзіміз ақшасын төлеп, шеттен білім жиып, жиған ілімін елі үшін жаратсын деген қаракөз қыз-жігіттер тағы бір сойқанды бастады. «Егер Қазақстанда тек қазақ тілі үстемдік құратын болса, біз елге қайтудан бас тартамыз». Олардың мәлімдемесі осы сықпытта. Сонда дейміз-ау, мемлекет қалтасынан ақша төлейді. Барлық жағдайын жасайды. Ал олар келіп туған халқына, ана тіліне қарсы шығады. Бұл не? Ең болмаса, төленген ақшаның құнын қайтармай ма? Тіліне жаны ашымаған баладан, еліне жанашыр азамат шығады деп айтудың өзі қиын. Соңғы кездері осы тектес тексіздіктер көбейіп барады. Сонан соң амалсыздан «қазақ жастары елі үшін ерлік жасай ала ма?» деп ойланасың.
Көпті көрген бір ағам «ғасыр басындағы қиындықтың бәрі өтеді. Мұндай қиындық әр ғасырда болып тұрған. Енді біраз уақыттан соң ел еңсесін жияды. Сонан соң мамыражай өмір басталады. Ал ғасырдың соңына қарай тағы бір бір қиындықтың төбесі көрінеді. «Тарих қайталанады» деген осы» деп еді.
Осы тәмсіл біздің жүрекке орнықты. Сонан соң ми қатпарының әлдебір түпкірінде жатқан түйсік мынаны бізге сыбырлады: біз Тәуелсіздік жылдарында Алаш арыстары аман болғанда ғой деп армандаймыз. Олар енді қайтып келмейді. Бәлкім, сол Алаш арыстарының көзіндей болған бір шоғыр зиялы қазақ аспанына шығар. Біздің білуімізше, елге жаны күйетін, халқыма болсын, ұлтым ұшпаққа шықсын дейтін жастардың алды университет бітірді, соңы мектеп қабырғасында жүр. Біздің түйсік алдамаса, жиырмасыншы жылдарға қарай олар әбден кемелденіп, еліне еңбек етуге дайын болады.
Қазақ жастарының қайратсыздығын көрген сайын осы бір түйсікпен сезген әлдебір құбылыс санамда жаңғырады. Үміт қой, әйтеуір. Сол үміт ақталса екен. Әйтпесе, мына түрімізбен қазақты жарға жығып тынатын сияқтымыз...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404