Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
4569 3 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 11:36

Қазақтарды террорлық топқа тартқан деген күдікпен алты адамды іздестіріп жатыр

Қарағанды облысының полициясы алты адамды террорлық топқа тартумен айналысқан деген күдікпен іздестіріп жатыр.

Аймақ полициясы 23-33 жас аралығындағы алты адамның есімдері мен суреттерін жариялады. Қылмыстық топты 24 жастағы Дәулетхан Әміржанов пен 23 жастағы Дмитрий Коструб басқарады делінген.

Полиция мәліметі бойынша, іздеудегілердің барлығы біраз уақыт Теміртау қаласында тұрған.

Облыстық полиция мәліметіне қарағанда, бұларға қатысты "террорлық топ құру, басқару" және "кісі тарту" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істі Теміртау қалалық полициясы жүргізеді, деп хабарлады Қарағанды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1413
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1059
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993