Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2246 0 пікір 15 Қазан, 2010 сағат 09:25

Ғани десе “гони” болмаса қайтер еді?

«Айтпарктің» егесі, ерінбей сөйлеп бағатын Ерімбетовтің кезекті қонағы болып желпініп қайтқан сенатор Ғани Қасымов өзін сайқымазақ дегенге ырза болып қалатынын, осы бір сөзді жаны жақсы көретінін жұртқа жайып салды. Сонымен, біздің генерал Қасымов бірқатар сауалдарға жауап берген болыпты. Оның ішінде Петропавел қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту мәселесі Астанада емес, жергілікті жерде тұрғындарыдың келісімімен шешілуі керек деп бүйрегі, тумаса да туғандай болған «тілдестеріне» тартатынын білдіріп қойыпты. Кедендік одаққа ену - Қазақстанға экономикалық жағынан тиімді деп көріпкелдік жасаған сенатор өзінің Тәңіршілдікті ұстанатынын қуана хабарлаған.

Өзін сайқымазақ деп атағанды жек көрмейтін Ғани Қасымовтан және оның өткір мәселелерге берген жауабынан біз бүгінгі қазақ билігінің келбетін оның болмысын байқаймыз. Саясаттағы жолын стақан сындырудан бастаған генерал Қасымов биліктің дәлізінен қусада кетпейтін шыныменде, сарай сайқымазағы сияқты. Міне, біздің парламенттегі ел сөзін айтады, жұрт мәселесін шешеді деген серкелеріміздің сыйқы. Әйтеуір, биліктің кемесінен кетіріп жібермес үшін түрлі бейнеге еніп еті үйренген және сол бейнелеріне өзі сеніп кеткен Ғани Қасымов мырза күні кеше жас қыз зорлағандарды әтек етіп тастау керек дегенді сенаттың төрінен айтып айды аспанға бір-ақ шығарды. Міне, биліктің келбеті және оның таңдаулыларын, олардың данышпан ойлар тамашалағыңыз келсе!
Негізі мына түрімен Ғани Қасымов саясатты қойып, циркке біржола ауысып алса, ешкім жоқтай қоймас. Қуанбаса. Тіпті, Қасымовтың таланты циркті жаңа бір белеске шығармасына кім кепіл?!
Айтпақшы, сарай сайқымазағы дегенде, неге екенін қайдам, есімізге Ермұхамет Ертісбаев түсіп кетті...

“Абай-ақпарат”

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483