Табылдай ер табылмас енді қайтып...
Өткен сенбі күні Атыраудан бір суық сөз жетті. Дүниеден Табылды Досым озыпты. Арда туып, аспанға қол созған қыр баласының бұ қайткені?.. «Мүмкін емес, мүмкін емес!» дейді жақсысын жаманатқа қия алмайтын көңіліміз әлі де. Мүмкін екен. Толағай ұл бұрынғылардың салтымен бұрылып, қайта келмес жолға түсіп кете барыпты. Гитараның алты ішегін «ала өгіздей мөңіреткен», өлең жыры Еділ-Жайық тең өткен бард ақын, мәрт азамат жоқ енді.
Алатаулы Алматыдан алыс Атырауға қызмет бабымен, тіршілік қамымен кеткен есіл ердің алқынған жүрегінде шексіз сағыныш бар еді. Сол сағынышын әлдилеп баққан әм мұңды, әм жігерлі, әм шерлі әндері бар еді. Табылдының мәңгілік ғұмыры болып сол әндер мен Махамбет бабасына тартқан рухты жырлары өмір сүрер-ау, бірақ, өр мінезді, тәкаппар, жанына жаққан адамға жүрегін жұлып беруден тайынбайтын Табылдай жайсаң, жампоз ер табыла қояр ма екен мына жалғаннан...
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
Қозым-ау деші күлімдеп Баяндай маған.
Өмірді мынау,жаным-ау,мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Оянбай қалам, бұл - шындық,байқарсың әлі.
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып егіліп жыларсың әлі... деп жазып еді ол.

Табылды - Биіктік
Табылды - Замани зар
Табылды - Қазақ едiм дегенше
Табылды - Мен Қазақпын