Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2194 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 05:19

Алматы облысында қысқы жылу маусымына дайындыққа Т15,5 млрд жұмсалды

Tалдықорғган. 19 қазан. ҚазТАГ – Бюджет саласының нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) алдағы жылу маусымына дайындыққа Алматы облысының тарихында болмаған орасан зор Т15,5 млрд сомасындағы қаражат бөлінді, деп облыстық энергетика және коммунальдық шаруашылық басқармасынан хабарлады.

Одан басқа, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ТКШ жүйесін жөндеу, дамыту мен реконструкциясына Т4,8 млрд бөлінген. Атап айтқанда, «Талдықорғанжылусервис»БМКК-ке жылу маусымына дайындыққа Т1 млрд-тан астам қаржы және жөндеу жұмыстарына «Жол картасы» арқылы Т260 млн бөлінген.

Басқарма мәліметтерінше, 5 айдың ішінде 31 қазандық, 20 км жылу трассасы, 373 км су құбыры мен кәріз жүйелері және 3,2 мың км-дей электр желілері жөндеуден өткен. Жылу маусымына барлығы 910 білім беру нысаны, 839 денсаулық сақтау нысаны, 292 әлеуметтік нысандар мен 844 тұрғын үй жөндеуден өтті. Одан басқа сорғыш станциялар мен тазарту қондырғыдары жөнделді.

Облыс әкімінің талабымен ірі қазандықтар үш айлық отын қорымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бюджеттік ұйымдардың 27 мың тонна көмір қажеттігінің орнына, одан бес есеге артық, 139 мың тонна көмір қоры жасалып, мазут қажеттіліктен үш есеге артық дайындалды. Облыс халқы өздерін көмірмен 90%-ға қамтамасыз етті.

Сөйтіп, жылу беру маусымына дайындық орасан зор қаражатпен қуатталды дейді энергетика мен ТКШ басқармасындағылар.

Басқармадағылар Алматы облысы қысқа 100%дайын деп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531