Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Арылу 5786 15 пікір 19 Сәуір, 2017 сағат 22:48

Елбасы "шолақ шалбарлар" мен "қара жамылғандарды" сынады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президенті жастардың діни сауатының төмен болып отырғанына назар салды.  "Білімінің аздығынан жастарымыз балағын кесіп, сақал қойып жатыр. Толықтай тұмшаланып алатын қазақ қыздарының қатары көбейіп барады. Бұл біздің дәстүрге сай келмейді. Бұған заңнамалық тұрғыда тыйым салу мәселесін қарастыру керек. Қазақтар қайғылы жағдайда ғана қара жамылған", - дейді Елбасы.

Қазақстан президенті қазақ мәдениеті мен дәстүрінде қазақ әйелдері қалай киінгені туралы сөз етіп, қара киім мен дін арасында байланыс жоғын айтты.

Абай-ақпарат

15 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1353
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1003
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 938