Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 8908 16 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 19:00

Исашыл Кимнің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жақында әлемжеліде полицей қызды ұрып-соғып, күш көрсеткен ер адамның бейне жазбасы жария болды. Бұл қоғамдық ортада қызу талқылануда. Тіпті ұлтаралық жанжал тудырарлық пікірлер желіде гулеп жүр.

Иса пайғамбардың атын жамылған кәріс жігіттінің полицей формасындағы қазақ қызын соққыға жыққаны туралы бейне жазба кең таралып кетті.

Онда кәріс азаматы «Исаның атымен айтамын, тізерле!» деп бұйырады. Бұйрығына бағынбаған полицей қызды соққыға жығады.

Біз ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мырзаға хабарласып, мәселенің жай-жапсарын сұрап, білдік.

"Бұл оқиға осы сәуір айында, Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты мектептердің бірінде болған. Қазір А.Г.Кимнің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл "билік өкіліне күш көрсету" деген бап. Айта кетейін, Ким А.Г. бұрын мәжбүрлі түрде психиатриялық емханада емделген. Ал бейне жазбадағы қыз мектеп инспекторы болған. Қазір оның денсаулығына төніп тұрған еш қауіп жоқ", - деді Алмас Сәдубаев.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048