Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ел іші... 11066 12 пікір 26 Сәуір, 2017 сағат 11:01

Саяси белсенділерді азаматтықтан айыру басталады

Қазақтан Қылмыстық кодексінің 21-бабында азаматтықтан айыратын қосымша жаза түрі қосылатын болады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Бұл туралы 25 сәуірде Астанада Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеген.

"Мемлекет мүддесіне зор нұқсан келтіргені үшін" азаматтықтан айыру туралы ұсынысты биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жасады. Елбасы жасаған ұсыныс тікелей лаңкестерге бағытталған сияқты еді. "Шаш ал десе, бас алуға" бейілді шенділер бұл ұсынысты тым саясиландырып жібермеді ме екен деген қауіп бар.

Азаматтықтан айыру жазасына аса ауыр террорлық қылмыстар, сондай-ақ конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрекеттер жатады екен-міс.

Біздің елде "конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрекеттер" деген үкім тек саяси белсенділерге қатысты екендігі бесенеден белгілі. Шындығын айту керек, алаңға шығып, демократиялық құқығын пайдаланып, билікке наразылық білдіргендердің бәрін "конституциялық құрылымды бұзуға әрекеттенді" деп, бас-көзге қарамай тас ата бастаймыз.

Бұл заң қабылданса, демократия жолымен алаңға шыққан әр азамат азаматтықтан айрылып қалып жүрмей ме?

Бұл - өз ойың, өз пікірің болса, Қазақстанда өмір сүру құқығың жоқ деген сөз емес пе?

Марат Бекетаевтың мәлімдеуінше, Парламентке түскен заң жобасын дайындаудың ешқандай саяси себебі жоқ. "Мұның ешқандай саяси астары жоқ. Террорлық әрекеттерге қатысқан адамдар Қазақстанға қайтып оралып, идеологиясын елде таратуына қарсы күрескіміз келеді", - деді Бекетаев.

Қылмыстық кодекске түзетулер жобасы Қазақстан Конституциясына өзгертулер енгізілген соң қолға алынды.

Бұл өзгерістің оң болғанын қалаймыз. Алайда "Конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған әрекеттер" деген қандай әрекеттер екені Заңда анық жазылуы керек.

Шәріпхан Қайсар

Абай-ақпарат

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048