Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4784 3 пікір 26 Сәуір, 2017 сағат 17:57

Ұлттық комиссияның алғашқы отырысы болып өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің

жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту

бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы  болып өтті деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы болып өтті.

Отырыс барысында Ұлттық комиссияның мақсаттары мен міндеттері, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған бағыттарды іске асыру жолдары талқыланды.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылатын болады. Олардың құрамына салалық мамандар, сарапшылар, сондай-ақ көпшілік қауым өкілдері, соның ішінде танымал ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері кіреді.

Әрбір жұмыс тобы бір айлық мерзімде қажетті ресурстық қамтамасыз етуді ескере отырып өздерінің іс-қимыл алгоритмін ұсынады.

Бұған қоса, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен комиссия жұмысын регламенттейтін  Ұлттық комиссия туралы ереже қаралды.

Ұлттық комиссия Президент Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі ілгерілемелі мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

Комиссияның құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңірлер,  Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялардың мүшелері енген.

 

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019