Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2794 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 05:30

Теміржолдың тозығы көп, әуе кемесінің озығы жоқ…

«Өздеріңізге белгілі, 2009 жылғы сәуір айында Еуропалық комиссия Ист Винг, Старлайн kz, АТМА, Көкшетау, Беркут Эйр секілді қазақстандық алты әуекомпанияны «қара» тізімге қосқан болатын. Оларға қазіргі заманғы техникалық талаптарға сай болмағандықтан, Еуроодақтың әуекеңістігін пайдалануға тыйым салынды. 2010 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық 47 әуекемесі Халықаралық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сай келмейтіндіктен, пайдалануға жіберілмейтін болады. Олар, негізінен, АН-24, ЯК-40, ТУ-134 ұшақтары». Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутаттар алдында жаңа лауазымымен келіп, бірінші рет сөз алған көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов кеше осылай деді.

 

 

Әңгімені әуеден өрбітсек…

«Өздеріңізге белгілі, 2009 жылғы сәуір айында Еуропалық комиссия Ист Винг, Старлайн kz, АТМА, Көкшетау, Беркут Эйр секілді қазақстандық алты әуекомпанияны «қара» тізімге қосқан болатын. Оларға қазіргі заманғы техникалық талаптарға сай болмағандықтан, Еуроодақтың әуекеңістігін пайдалануға тыйым салынды. 2010 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық 47 әуекемесі Халықаралық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сай келмейтіндіктен, пайдалануға жіберілмейтін болады. Олар, негізінен, АН-24, ЯК-40, ТУ-134 ұшақтары». Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутаттар алдында жаңа лауазымымен келіп, бірінші рет сөз алған көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов кеше осылай деді.

 

 

Әңгімені әуеден өрбітсек…

Бірақ ескі ұшақтарды тоқтатады екен деп, министрлік қарап жатпаған көрінеді. Осы мәселені шешу үшін аталған ведомство жанынан «Қазақстандық көліктік лизинг» компаниясы құрылыпты. Биылдың өзінде 10-12 аймақтық әуе кемесін алуға әрекеттенген министрлік 42 миллиард теңге көлемінде инвестиция қарастырып қойған. «Қазір осыған мемлекеттің кепілдік беру мәселесі қарастырылуда, бұл шаруа жыл аяғына дейін шешілуге тиіс деп үміттенеміз», – дейді Әбілғазы Қалиақпарұлы. Өткен жылғы атқарылған бірнеше жобаларды тілге тиек еткен министр 2009 жылғы істерден де хабардар етті. Мысалы, биыл Ақтау қаласындағы әуежайдың жаңа аэровокзалының құрылысы және ұшу-қону жолағының қайта жаңартылуы аяқталады. Бұл жоба «АТМ-груп» компаниясының концессионер болуымен жүзеге асуда. Сонымен қатар Қызылорда әуежайында да қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы еліміздің әуе паркі бес жаңа «Боинг» және «Эйрбас» ұшақтарымен толыққан. Бүгінгі күні Қазақстанда Батыс компаниялары жасап шығарған 23 қазіргі заман талабына сай келетін жаңа ұшақ бар. Олар еліміз әуе тасымалының 85 пайыз жұмысын атқаруда. Бұйыртса, биыл «Эйр Астана» әуе компаниясы соңғы үлгідегі екі жаңа аймақтық әуе кемесін сатып алуды көздеп отыр.

 

 

Жердегі жолдың жайы қалай?

Ол шеті мен бұл шетіне жеткенше ұшқан құстың қанаты талатын қазақ даласында автокөлік жолының мәселесі қордаланып жатқаны мәлім. Әсіресе жергілікті жолдар. Министрдің айтуынша, бұл салаға бөлінген қаржы жергілікті жол жүйесін дамытқанды қойып, жыл сайын жамап-жасқап отыруға да жетпейді. Сондықтан да жергілікті жолдардың жыры таусылмай тұр. Мысалға, 300-дей елді мекеннің облыс және аудан орталықтарына баратын қатты жамылғы төселген жолы атымен жоқ. Яғни барар жеріңе қара жердің шаңы мен батпағын кешіп әрең жетесің. 2000-нан астам ауылға кіретін жолдар сын көтермейтін жағдайда. Бұл әсіресе Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында әбден асқынған күйде. Биылғы Елбасының Жолдауына сай, «Жол картасы» бағдарламасы негізінде ауылдың инфрақұрылымын дамытуға айрықша мән берілгені белгілі. Министрдің сөзіне қарағанда, биылдың өзінде осы бағыт аясында 2745 шақырым жергілікті жолдар мен көшелердің жай-күйі жақсармақ.  Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасын іске асыруға Үкімет бес ірі халықаралық қаржы институттарынан жалпы құны 3,5 млрд доллар займдық қаражат алған. Бұл – еліміздің 7,5 млн адам тұратын Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Алматы қаласының аймақтық дамуына ықпал ететін жоба. Құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталмақшы. Сонымен бірге министр Астана-Бурабай жол құрылысының келесі жылы толық аяқталатынын жеткізді. Ал оны «ақылды» (интеллектуалды) жолға айналдыру концессия түрінде жүзеге аспақ. Ақылды жолда ауа райын бақылағыш, жылдамдық өлшегіш, жол қауіпсіздігін ескертетін құрылғылар орнатылады. Әйтсе де ол ақылы жол болатынға ұқсайды. Дегенмен бұл бастама дәл қазір іске қосылады деуге ертерек. «Оның қалай болатынын толық ойластырып, әлі тетіктерін қарастырамыз», – дейді Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

 

 

Теміржолда апат көп

Көлік және коммуникация министрінің мәліметінше, соңғы жылдары теміржол желілерінің уақтылы жөнделмеуі салдарынан апатты жағдайлар, жолдан шығып кету оқиғалары жиі байқалуда. Бір ғана мысал, 14,3 мың шақырым теміржолдың 2,3 мың шақырымы күрделі жөндеуді қажет етсе, жылжымалы құрамның 70 пайызының тозығы жеткен. Осыған байланысты теміржол саласын дамыту және қайта құрылымдау мақсатында өткен жылы 2008-2010 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары қабылданыпты.

 

 

Түйін

Халық қалаулылары Әбілғазы Құсайыновқа көптеген сұрақтар қойды. Соның бәріне министр орнықты да сауатты жауаптар беріп, депутаттарды разы етті. Тіпті кейбір төменгі палата өкілдері ол басқарған министрлікті «басқаларға үлгі ету керек» дегенді айтты. Әрине, «ана жол былай, мына жерде вагон жетпейді, ұшақтың билеті қымбат» деген секілді түйткілді мәселелер болмай қалған жоқ. Оған қатысты жайдың анық-қанығын Ә.Құсайынов өзі түсіндірді немесе өзі ертіп келген тиісті мекеме басшыларына сөз беріп, нақты жауаптарын айтқызды. Дағдарыс жол-көлік саласына да жетпей қоймапты. Соның салдарынан барлық көлік түрлерін қосқандағы жүк тасымалы 5,5 пайызға азайып кеткен. Дегенмен «бұл саланың дамуы тоқырамаса, ел қазынасы ортаймасы анық», – дейді Әбілғазы Құсайынов.

 

 

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, «Алаш айнасы» газеті, 02.06.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439